Ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалану, оларды қоғамдық ортаға тарту, мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізуге бағытталған “Жастарға бағыт” жастар керуені аясында Құтарыс ауылының тұрғындарына мемлекеттік бағдарламалар насихатталып, ақпараттық брошюралар таратылды. Сонымен қатар суда шомылу қауіпсіздігі туралы ақпараттар беріліп, қауіпсіздік ережелері таныстырылып арнайы брошюралар таратылды.
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Қай заманда болмасын, қоғамның қозғаушы күші – жастар. Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің көрнекті ақынымыз Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген сөзі бар. Шын мәнінде, мен де жастарға сенемін. Баршаңызды қолдаймын. Расында, біздің елімізге сіздер сияқты белсенді, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар керек. Еліміздің болашағы – жастардың қолында» деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.
Тәуелсіздігімізді нығайтып, елімізді дамыту – қазіргі жастардың басты міндеті. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақ, елімізді көкке көтереді. Қоғамның негізгі өзегі – жастар болып табылады. Қазақстанның болашағы жастар еншісінде екенін ескерсек, солардың сапалы білім алып, тәрбиелі, парасатты азамат болып қалыптасуына қоғамның да ықпалы зор екені анық. Саналы қоғамда білімді азаматтармен бірлесе өмір сүрген жастар өз бойында білімге деген құштарлық пен ізгі сезімдерді қалыптастыратыны сөзсіз. Жастардың сапалы білім алып, саналы азамат болуы үшін де қазіргі заманда білім-ғылымға және мәдениетке аса көп назар аударатыны, ғылыми прогресті дамыту үшін көптеген қызмет атқарып, еліміздің дамуындағы білімнің маңызын айтып, нұсқау беруі – бәрі де ел экономикасының қарыштап дамуындағы бірден-бір өзгеріс екені баршамызға айқын.
– Жас ұрпаққа арналған қолдаудың тағы бір түрі – білім алуға арналған гранттар. Біздің облыс еліміздегі жастар санаты бойынша донор облыс болып табылады. Себебі біздегі жастардың саны жалпы облыс халқының 30 пайызын құрайды. Жоғары оқу орнынан бөлек өңіріміздегі 52 орта арнаулы оқу орнында 35 мыңнан астам жас білім алады. Осы жылға колледждерге 15300 грант бөлінген болатын. Бұл гранттар «Жастар орталығының» және ұйымдардың нәтижесінде толық игерілді, – дейді «Жастар рухы» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұман.
Бүгінгі таңда тәуелсіз елдің жалынды жастарына мемлекет тарапынан жыл сайын барынша қолдау көрсетіліп, түрлі бағдарламалар жүзеге асуда. Соның бірі облысымызда «2021-2025 жылдар аралығында кәсіпкерлікті қолдауға арналған Ұлттық жоба» шеңберінде жастарға жеңілдетілген 2,5 пайыздық несие беріле бастады. Биыл 594 жасқа несие беру жоспарланып отыр, жалпы қаражат көлемі 2 миллиард 970 миллион теңгені құрайды. Бұл қолдау жастардың кәсіпкерлікті дамытуына көп мүмкіндік сыйлайды.
Жастарымызға мемлекет тарапынан саяси бағыт бойынша да үлкен қолдау көрсетілуде. Қазір жастар санатына кіретіндер жасы 29-дан 35-ке дейін ұлғайтылды. Қазіргі таңда халық үніне құлақ асатын үкімет тұжырымдамасына сәйкес жастардың да үні мәслихаттағы жас депутаттар арқылы көтеріліп, өзіндік қолдау табуда. Облыс бойынша 44 жас депутат болып сайланған.
– Жастар саяси өмірге белсене араласа бастады. Біздің «Жастар рухы» жастар қанаты елімізде 2022 жылы өткен барлық саяси реформаларға қатысты. Жалпыхалықтық референдум, ҚР Президентінің сайлауы, мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында облысымызда 3 мыңнан астам жас белсенді қызмет атқарды. Яғни бұл жастардың еліміздегі саяси өзгерістерге бейжай қарамайтынын, нақ ортасында жүретінін көрсетеді. Мемлекет басшысы тек облыс орталығындағы қалаларда ғана емес, басқа да аудан, шағын қалалардан баспана алу жолдарын жетілдіру қажеттігін айтқан болатын. Осы ретте өңіріміздің жастарына баспана алуға арналған жеңілдетілген жоба керек деп есептеймін, себебі көпшілік жастарда 20% алғашқы жарнаны жинау қиындық тудырады, егер де ол төмендесе, жастардың да үй алу деңгейі артатын еді, – дейді Жансерік Бауыржанұлы.
Жастарға қатысты келесі мәселе – жұмыспен қамту. Бұл, әсіресе өңірлерде аса өзекті. Қазір жұмыспен қамтуға бағытталған бірнеше бағдарлама бар. Елімізде қазіргі таңда дәстүрлі жобалар жалғасын тауып келеді, олар «Жастар практикасы», «Дипломмен – ауылға», «Алғашқы жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыс», тағы басқалар. Тұрақты жұмыспен қамту бағытында жаңадан ашылған кәсіпорындарға жастарды жолдау арқылы шешуге болады. Президент Жолдауда жастарды жұмыспен қамту жайына да тоқталды, яғни жоғары оқу орындарына өңірдегі ірі кәсіпорындармен келісімге келіп, жастарды жұмысқа жолдап, тұрақтап қалуына мүмкіндік жасауды тапсырды.
Елдің ертеңі – жастардың қолында. Яғни елдің ертең гүлденуі де, бүлінуі де жас ұрпақтың жауапкершілігінде. Мемлекеттің тұтастығын сақтау үшін жастарға уақыттың кез келген сынына дайын болып, бәсекеге төтеп беруге тура келеді. Ол үшін сергек сана, білім, дарын, заман көшінен қалмай жаңа технологияны меңгермек керек.
дамзат алдында тұратын ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, рухани бай және ақыл парасаты мол, мәдени ғылыми өрісі озық азамат тәрбиелеу. Бұл біздің қоғам алдындағы борышымыз. Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ертеңгі күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білім мен тәрбиеге ғана тән. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы, білімді де білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Жастар – қоғам өмірін алға бастаушы прогрессивті күш иесі екенін қай қоғамда да дәлелдеп келеді. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар, бүгінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барынша үлес қосып келеді. Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолымызда, яғни болашағымыз жастардың жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беруі керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ.
Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқыланды, оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады. Статистика агентігінің жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша, мемлекетіміздегі адам санының 4, 5 миллионнан астамы жастардың үлесінде. Бұл дегеніміз халқымыздың 30 пайызы жастар деген сөз. Ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы жастарды бүгіннен бастап тәрбие алуы мен отан сүйгіштік қасиеттерінің дамуына ықпал жасау қажет. Ең әуелі жастар бойына рухани – адамгершілік, саяси интелектік, құқықтық тәрбие басым болған жөн. Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең, солай иілуге әзір. Сол себепті жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге халықтың басты парызы. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры.
Әрбір мемлекеттің болашағы, мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы болғандықтан қазақстандық барлық мектептерге бүгінгі жайы, даму бағыты мемлекеттің назарында. Сапалы білім, саналы тәрбие беру әр ұстаздың алға қойған міндеті болса, өз ісінің білімді, өнегелі азаматы болу – әр оқушының міндеті. ҚР тәуелсіздік алған қысқа тарихи кезең ішінде әлемдік қауымдастыққа кіре отырып, экономикада айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Осы ретте қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты жаңа тарихи кезеңінің болмысына әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып, оған өз әсерін тигізеді.Қазіргі таңда Қазақстан – өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет. Тәуелсіздік – жастарға жарқын болашаққа жол ашып берді. Мемлекетімізді одан да биіктен көрсету – бүгінгі білімді жастардың қолында екендігін рас қой.