Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Сайрам ауданының келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардан зардап шеккен жастарына психологиялық көмек көрсету мақсатында «Құмар ойынға құмартпа!» атты лудоманияның алдын алу бойынша семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингте “Komek center” тәуелділікті оңалту және емдеу орталығының психологы,Педагогика ғылымдарының магистрі, практик-психолог Тұрсынбаева Айсұлу Полатқызы инновациялық технологияларды қолдана отырып, лудоманиямен күресу жолдарын түсіндірді. Лудомания – адам өмірінде басым рөл ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін патологиялық ойын құмарлығы. Бұл дерт күн өткен сайын қанатын жайып, өмір шырғалаңында талайларды шырылдатты. Қоғамдық дертті, қоқысқа тастайтын уакыт жетті. Уақыт өткен сайын жастарымыздың санасын улап, құрдымға түсіруде. Мәселені уақыттың еншісіне қалдырмай, тисінше дұрыс әрекет жасап, жастарымызды дерттен сауықтырып, уақытты емшіге айналдыруымыз қажет.
Лудомания – адам өмірінде негативті тұрғыдан басым рөл ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық тұрғыдан және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін патологиялық ойын құмарлығы. Азарт адамдарды тек материалдық шығынға ұшыратқан жоқ, сондай-ақ рухани тұрғыда да әбден азғындатты. Лудомандар – құмар ойынның шырмауына түскен адамдар. Казино мен букмекерлік компаниялар жұмысы барынша қарқынды дамыған кезден бері «лудомания» деген термин кеңінен қолданыла бастады. Аурулардың халықаралық классификациясы бойынша лудомания аурулар тізіміне енгізілген. Құмар ойынның соңына түскендер дүние-мүлкінен айырылғаны өз алдына, ажырасып, дымсыз қалып жатады. Мұндай жағдай Қазақстан қоғамына да таңсық емес. Ойынқұмарлардың көбеюі салдарынан елімізде лудомандарды емдейтін арнайы орталықтар да ашылған. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынған ақпараттарына сенсек, елімізде ойын құмарлықтан жапа шеккендердің саны отыз алты мыңнан асып жығылады. Адам баласын екі дүниеде зиянға ұшыратып, бақытсыздыққа душар ететін рухани дерттердің бірі – құмар ойнау. Алла Тағала қасиетті Құранда құмар ойынға тыйым салып: «Уа, иман келтіргендер, арақ-шарап, құмар, табынуға арналған пұттар және жебелермен бал ашу шайтанның амалы саналатын лас істер. Ендеше одан аулақ болыңдар. Мүмкін, құтыларсыңдар», – деп айтқан.
Жалпы, құмар ойындарының зардабы елдің дамуына кері әсерін тигізіп, адамның кері кетуіне ықпал ететіндігін нақты ұғынуға тиіспіз. Ел болып, бесігімізді түзетеміз десек, жастарымызға бұл дерттің зиянын барынша ұғындыруымыз қажет. Лудоманияның кесірінен еліміздегі отбасы институты күйреуде. Сарапшылардың айтуынша, ерлі-зайыптылардың ажырасу фактілерінің жиілеуіне де құмар ойын әсер етіп отыр. Атап айтқанда, ажырасу оқиғаларының 40%-ы ерлі-зайыптылардың бірінің жеңіл ақшаға құмартуының салдарынан болады. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының деректеріне сәйкес, 2023 жылы 157 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық жасалған, оның 20 %-ы немесе 31 мыңнан астамы құмар ойындар негізінде жасалған. Ал шарасыз күйге түскендері өз-өзіне қол жұмсауға дейін барып жатады. 2023 жылғы статистикалық деректерге сәйкес, 3 676 суицид фактісі тіркелсе, оның әрбір бесіншісін құмар ойынға әуес адам жасаған. Соңғы үш жылда қазақстандықтар құмар ойындарға 1 трлн. теңгеден астам қаражат салған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында халық арасындағы құмар ойынға тәуелділік мәселелері жан-жақты талқыланған болатын. Ел Президенті өз сөзінде: «Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды. Лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс», – деп атап өткен болатын. Сөз соңында құмар ойынның құмарлығынан шыға алмай, құрдымға кеткен талай жас көз алдымызда. Бұл дерт күн өткен сайын қанатын жайып, өмір шырғалаңында талайларды шырылдатты. Қоғамдық дертті, қоқысқа тастайтын уақыт жетті. Уақыт өткен сайын жастармыздың санасын улап, құрдымға түсіруде. Мәселені уақыттың еншісіне қалдырмай, тиісінше дұрыс әрекет жасап, жастарымызды дерттен сауықтырып, уақытты емшіге айналдыруымыз қажет.
Лудомания – ессіздік, ойынға құмарлық. Еліміздің түкпір – түкпірінде толып тұрған букмекерлік кеңселердің іші толған жастар. Ойынға құмар жастар қолдарындағы соңғы ақшасын тігіп, үлкен қаражат көтерем деп сенеді. Алайда, ұтылып қалған соң, еңселері түсіп, өзін қоғамнан алшақтатып жібереді. Алғаш қызығушылықпен бәс тігіп, кейін ойынға тәуелді болып қалғандар қаншама? Құмар ойынға бейімделу кезеңінің бірі – жалындаған жастық шақ. Адамның қызығушылығын арттырып, құмарлыққа тез үйрететеінде осы кез. Санаңды улап, құмар ойынға үйір қылып жіберетіні де сөзсіз. Ондай адамдар дер кезінде өз-өзін тоқтатпаса, біртіндеп бүкіл дүние-мүлкін, көлігін, тіпті басындағы баспанасын сатып, ақшасын құмар ойындарға салып жібереді. Таныстарынан, ағайындарынан қарызға ақша алып, оны қайтара алмай жүргендер қаншама?! Одан әрі ұрлыққа баратындарда бар. Ең соңында тақырға отырып, кейбіреулері қылмыс жасап, түрмеге отырады, ал кейбіреулері «мен осындай жағдайға қалай ғана түстім, қайтіп құтылсам екен?»-деп бұл тығырықтан шығуға жол іздейтіндерде бар.
Лудомания адам өмірінде басым роль ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін ойын құмарлығы. Лудомандар – құмар ойынның шырмауына түскен адамдар. Қазіргі кезде казино, түрлі ақшалай ойын автоматтарының таралуына байланысты құмар ойындар мәселесі өзекті мәселеге айналып тұр. Қоғамда оларға ешқандай шара қолдана алмайды. Себебі құмар ойындардың көбісі заң жүзінде рәсімделген. Ойынқұмарлардың көбеюі салдарынан елімізде лудомандарды емдейтін арнайы орталықтарда ашылған. Бірі білсе екінші білмейді. Алайда, осы жолда адасқан адамдар тек ақшадан емес, өмірінен айырылады. Не себептен адамдар тәуелділікке ұшырайды? Бірінші және ең көп таралған мәселе ол:-отбасындағы мәселе. Егерде үй ішінде тыныштық орнамаса, іштегі ызаны басып тастау үшін ойындарға көңіл бөліп уақыт өткізетін болады. Екінші, ол қаржылық моральды қиындықтар.
Үшінші мәселе:қанағатсыздық. Яғни өмірден түңілу, бар дүниені бағалай алмау. Мамандардың айтуынша, лудомания дертіне шалдығу бірнеше факторға байланысты:
-биологиялық;
-психологиялық;
-әлеуметтік;
-рухани;
Лудоманды былайша аңғаруға болады:
Біріншіден, барлық бос уақытын ойынмен өткізеді. Казиноларға ставка қояды. Букмекерлік контораларда отырады. Екіншіден, қаржыны көп жұмсайды, ставкалар қомақты ақшаны қажет етеді, соның нәтижесінде үйіндегі құнды заттарын сатады, жақындарымен таныстарынан қарызға ақша алады, тіпті одан қала бере банктерден несие алады, сөйтіп қарызға белшесінен батады екен. Үшіншіден, көңіл күйі өзгереді. Лудоман әрқашанда ойын туралы ойлайды. Төртіншіден, жеңілістен кейін, қайтадан ойнап, ұту идеясы пайда болады. Егер лудоман үлкен сомадан ұтылып қалса, ол керісінше тоқтамайды, ол тезірек ақша іздей бастайды. Жалпы, лудоманияның қоғамға төндіретін қаупі орасан зор. Жас ұрпақты құмар ойынның зиянды ықпалынан жан-жақты қорғауымыз керек. Сондықтанда, сөз соңында қазақ жастарына айтарым, құмар ойындарына емес, спортты серік ететін жігерлі, жалынды азамат болыңыздар.
Игромания – ол құмар ойынға деген тәуелдік. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл ойындардың психикалық ауытқуға әкеп соқтыратынын мәлімдеп, адам денсаулығына аса қауіпті сырқат қатарына жатқызып, дабыл қаққан-ды. Ол ресми түрде психикалық ауытқу ретінде танылған, алкоголизм, наркомания, токсикомания сынды дертпен пара-пар. Десе де спорттық бәсекеге бәс тігіп, рулетка, карта ойнап, лотерея билетін сатып алатын әрбір адам лудоман болып саналмайды. Бірақ кез келген сәтте тоқтауды ұмытып, соңы дертке ұласуы мүмкін. Соған қарамастан, тәуліктеп букмекерлік кеңселерді торуылдаған жастарға тосқауыл боларлық күштің жоқтығы қынжылтады. Тіпті технологияның дамуымен казиноға бару немесе ойын автоматтарын іздеуге деген сұраныс жоқ. Өйткені қазір телефон арқылы да лудомания атты тұзақтан шыға алмай жүр. Желіден керегіңді іздеп, тіпті, кино көрейін десең де, “Интернет арқылы бәс”, “Интернет казино” деген жарнама алдыңнан атып шығады. Көрмейін десең, фильмің қосылмайды. Телефон немесе интернетке кіретін трафик болмаса да, түнімен істейтін букмекерлік орталықтар бар. Бұл бәлекеттен алыс адамдарға лудомания болмашы дүние болып көрінуі мүмкін. Десе де ойындарға құмарлықтан шаңырақ та шайқалып жатыр. Саны күннен күнге көбеймесе, азаяр емес.
Лудоман деген кім?Жасөспірімдер психологы Азамат Бейсетов көп жағдайда лудомания дертіне ер адамдар шалдығатынын айтты. Айтуынша, тәуелділікті екі санатқа бөлуге болады:
1.Химиялық тәуелділік. Оған алкоголизм мен наркомания жатады.
2.Іс-қимыл тәуелділігі. Олардың қатарына игромания, лудомания, гэмблинг жатады.
“Алғашқы бәсті мектеп оқушылары қоя бастайды. Бұрын бұл ойын автоматтары болды. Ал қазір бәрі оңай, онлайнға көшкен. Орта сынып оқушыларын жоғары сынып оқушылары немесе таныстары үйретеді. Кейде ағасы көрсетеді. Содан үлгі алып, қызыға бастайды”, – деді психолог. Бәс тігетіндер осылайша ақша тауып жатырмыз деп ойлайды. Бұл мақсатқа қаражатты жинап жүргенінен, туған күніне сыйлыққа берген немесе түскі асқа деген ақшаны жұмсайды. Орта мектеп жасында бұл нашарлауы мүмкін, ал студенттік жаста жағдай одан сайын ушығуы ықтимал. 18-19 жастан бастап ойынға тәуелділік күшейе бастайды.
“Казиноға келетін болсақ, онда баратын адамдар ауқатты, негізінен орта жастағы, табысты. Бір түнде олар өз бизнесін жоғалтуы мүмкін. Спорттық ставкалар бойынша көрсеткіш әртүрлі. Бірақ егер казино туралы айтатын болсақ, онда адам бір түнде екі гектар жерді, пәтерді, көлікті, мейрамхананы жоғалтуы мүмкін. Онда бүкіл инфрақұрылым қарастырылған. Дәл сол жерде олар пәтерді, көлікті және осы қызметтердің барлығын басқа адамның атына жаза алады”.Маманның айтуынша, лудоман адамда интеллектуалды, коммуникативті қабілеттері жақсы дамыған. Олар адамдардың сеніміне кіре алады, өйткені ойынға көп ақша қажет және оларды әрқашан бір жерден алу керек. Бұл жағдайда олардың негізгі қауіпсіздік сезімі жойылады.
“Ойыншы тұратын отбасыларда, әдетте, материалдық аспектіге үлкен мән беріледі. Ақшадан тарлық көрмеген адамдар бар. Олар үнемі ақша туралы сөйлеседі. Ал толық қамтамасыз етілмеген отбасы мүшелері ақшасыз жаман деп айтады. Бала осындай ортада қалыптасады және ол осы өмірдегі барлық нәрсені ақшамен шеше алатынын, ішкі бақытты сатып алатынын түсіне бастайды”.
Адам қалай лудоман болады? Мамандардың айтуынша, лудомания дертіне шалдығу бірнеше факторға байланысты:
биологиялық;
психологиялық;
әлеуметтік;
рухани.
“Егер отбасында әкесі немесе атасы ойыншылар қатарынан болса және отбасы мүшесі баласы да тәуелді бола ма деп алаңдайды. Ондай жағдайда былай айту керек: тұқым қуалаушылық – тек фактор, бірақ себеп емес. Мысалы, тұмаумен адамдар күзде және қыста ауырады, бірақ қыс та, күз де себеп емес, олар тек фактор болып табылады. Сондықтан тұқым қуалаушылық та осы сияқты. Сіз ауыруыңыз да, ауырмауыңыз да мүмкін”, – дейді психолог Алтын Науқанова.
Психолог лудоман адаммен өзін қалай ұстау керегін айтты.
Бірінші қадам – ойыншыны осы тәуелділіктен емделуге ынталандыру үшін оңалту орталығының мамандарымен кеңесу. Адамды өз ауруынан, яғни құмар ойындарынан ажырату керек. Басқаша айтқанда: мен сені жақсы көремін, бірақ ауруыңды жақсы көрмеймін деп айту қажет. Бұл қатты махаббат деп аталады. Ақшаны қарызға алмаңыз, құнды заттарды жасырыңыз. Әйтпесе сіз ауру адамға жағдай жасайсыз. Ойыңызды сыртқа шығарыңыз. Өз күдігіңіз бен уайымыңыз туралы айтыңыз. Мамандардың пікірінше, тәуелділіктен өздігінен құтылу мүмкін емес. Жақыныңыздың лудоман екенін келесі жеке қасиеттеріне қарап анықтауға болады: жоғары “әлеуметтік батылдық” – тәуекелге бейімділік, дезинфекция, мінез-құлықтың қалыпты емес стилі; “сезімдерге бейімділік” – тұрақсыздыққа бейімділік, жағдай әсеріне ұшырау, мінез-құлық пен тұлғааралық қарым-қатынастардағы жалпы қабылданған нормалар мен тыйымдардың сақталуын төмендету; “экспрессивтілік” – ойлаудың эмоционалды бағыты, сәттілікке стихиялық сенім; “шиеленіс” – ұмтылыстардың белсенді қанағаттанбауы; “өзін-өзі бақылаудың тұрақсыздығы” – өзі туралы идеялардың қақтығысы; өзін-өзі бағалаудың жеткіліксіздігі (жасына қарамастан). Емі бар ма? Құмар ойыншы өзіне, айналасындағыларға ғана емес, мүлде бейтаныс жандарға да кесірін тигізеді. Көңіл-күйінің тез құбылмалылығы мен өзін-өзі ұстай алмауынан кез келгенге қол көтеріп, дөрекі сөйлеп, жеңілісінің өшін алуы мүмкін. Кейде ішімдікпен басып жатады. Адамға “Игромания” диагнозын қою үшін бірнеше белгілері сәйкес келуі керек екен. Бұл туралы психолог Алтын Науқанова баяндады. Оның айтуынша, қанағаттанбаушылық, жалғыздық, жұмыс істемей байып кету және психикалық дертке жақындығы бар адамдар “лудоман” қатарын толтыруы бек мүмкін. “Адам құмар ойынға тәуелді болар алдында бірнеше кезеңнен өтеді. Бастапқы кезең – жеңіс фазасы. Бұл кезде бірнеше рет асығы алшысынан түсіп, оңай олжалы болу деген ой санасын жаулап алады. Жеңіс фазасында бәс құны аз болғанымен, ойынға жұмсайтын ақша мен уақыт жылдам өсе бастайды. Бұл жеңіліс фазасына әкеліп соғады. Онда лудоман қарызға, кредитке ақша алады. Ақыр соңында белшесінен қарызға батып, жұмысынан да айырылады.
Мұның барлығы көңілсіздік фазасына келіп тіреліп, туған-туыстармен қарым-қатынасы нашарлап, отбасынан айырылады. Ойынға құмарлығы тоқтамаса, қылмыстық жолмен қаражат табу схемасы ойластырыла бастайды. Дер кезінде ем-дом шараларын бастамаса, дерт соңғы кезеңге жетеді. Яғни, шарасыздық фазасында науқас алкологизм, наркомания дертін қосып қана қоймай, қамаққа алынып, өз-өзіне қол жұмсайтындай халге жетеді”, – дейді психолог Алтын Науқанова. Оның айтуынша, лудоманияны емдеудің негізгі тәсілі – психотерапиялық методика. Науқастың емделіп шығамын деген ұмтылысы мен келісімі аса маңызды. Емдеу кезеңі қиын әрі көп уақытты талап етеді. Бойынан бірінші фазаның белгілерін байқаған адамға көмек пен қолдау қажет. Өйткені, білікті психолог пен психотерпевтке жолығып, топтық психотерапияға сеанстарына барған уақытта ғана нәтижеге қол жеткізеді екен.
Қазіргі қоғам дертіне айналған ойынға деген құмарлықты ғалымдар-лудомания дейді. Ал, еліміздегі жас жеткіншектеріміздің бұл дертке шалдығуының себебі не? Лудомания ойыны – жастармен ересектер арасындағы құмар ойындарға тәуелділік мәселелесі – қазіргі таңда өзекті болып отыр. Лудомания – адам өмірінде негативті тұрғыдан басым рөл ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық тұрғыдан және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін патологиялық ойын құмарлығы. Азарт адамдарды тек материалдық шығынға ұшыратқан жоқ, сондай-ақ рухани тұрғыда да әбден азғындатты. Лудомандар – құмар ойынның шырмауына түскен адамдар. Казино мен букмекерлік компаниялар жұмысы барынша қарқынды дамыған кезден бері «лудомания» деген термин кеңінен қолданыла бастады. Аурулардың халықаралық классификациясы бойынша лудомания аурулар тізіміне енгізілген. Құмар ойынның соңына түскендер дүние-мүлкінен айырылғаны өз алдына, ажырасып, дымсыз қалып жатады. Мұндай жағдай Қазақстан қоғамына да таңсық емес. Ойынқұмарлардың көбеюі салдарынан елімізде лудомандарды емдейтін арнайы орталықтар да ашылған. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынған ақпараттарына сенсек, елімізде ойын құмарлықтан жапа шеккендердің саны отыз алты мыңнан асып жығылады. Жалпы, құмар ойындарының зардабы елдің дамуына кері әсерін тигізіп, адамның кері кетуіне ықпал ететіндігін нақты ұғынуға тиіспіз. Ел болып, бесігімізді түзетеміз десек, жастарымызға бұл дерттің зиянын барынша ұғындыруымыз қажет. Лудоманияның кесірінен еліміздегі отбасы институты күйреуде. Сарапшылардың айтуынша, ерлі-зайыптылардың ажырасу фактілерінің жиілеуіне де құмар ойын әсер етіп отыр. Атап айтқанда, ажырасу оқиғаларының 40%-ы ерлі-зайыптылардың бірінің жеңіл ақшаға құмартуының салдарынан болады. Осы жолда адасқан адамдар тек ақшадан емес, өмірінен айырылады. Не себептен адамдар тәуелділікке ұшырайды?
-Бірінші және ең көп таралған мәселе ол:-отбасындағы мәселе. Егерде үй ішінде тыныштық орнамаса, іштегі ызаны басып тастау үшін ойындарға көңіл бөліп уақыт өткізетін болады.
-Екінші, ол қаржылық моральды қиындықтар болып табылады.
-Үшінші мәселе:қанағатсыздық. Яғни өмірден түңілу, бар дүниені бағалай алмау.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының деректеріне сәйкес, 2022 жылы 157 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық жасалған, оның 20 %-ы немесе 31 мыңнан астамы құмар ойындар негізінде жасалған. Ал шарасыз күйге түскендері өз-өзіне қол жұмсауға дейін барып жатады. 2022 жылғы статистикалық деректерге сәйкес, 3 676 суицид фактісі тіркелсе, оның әрбір бесіншісін құмар ойынға әуес адам жасаған. Соңғы үш жылда қазақстандықтар құмар ойындарға 1 трлн. теңгеден астам қаражат салған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында халық арасындағы құмар ойынға тәуелділік мәселелері жан-жақты талқыланған болатын. Ел Президенті өз сөзінде: «Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды. Лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс», – деп атап өткен болатын. Соңғы кездегі әр түрлі ойындардың компьютердегі баламасы жасалды, ол ойындарды кез-келген жерде, кез-келген уақытта қол телефонмен-ақ ойнауға болады. Ал осы ойындардың бәрі де ойын казиносының компьютерлік нұсқалары болғандықтан адамдарды ойын құмарлыққа әкеледі. Құмар ойынның құмарлығынан шыға алмай, құрдымға кеткен талай жастар көз алдымызда. Бұл дерт күн өткен сайын қанатын жайып, өмір шырғалаңында талайларды шырылдатты. Уақыт өткен сайын жастармыздың санасын улап, құрдымға түсіруде. Студенттерге құмар ойындарына қарсы тақырыпта кураторлық сағат өткізу, олардың бойындағы адами құндылықтарды қорғау, оның зардаптарын түсіндіру, алдын алу, олардың құмар ойындарына қарсы білімдерін жетілдіру болып табылады.
Лудомания, немесе ойын құмарлық, гэмблинг (лат.тілінен Homo ludens – ойнаушы адам) – «субъекттің өмірінде басым рөл ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін патологиялық ойын құмарлық». Аурулардың халықаралық классификациясы бойынша лудомания аурулар тізіміне енгізілді. Олардың адамды қызықтыратын бір тұсы бар. Бұл ақшаға, түрлі жиһаз, малға деген құштарлық. Қарапайым түрде бай болудың “оңай” жолы. Қазақстанда орта есеппен 350 мың адам құмар ойынның құрбанына айналса, орташа қарызы 10 млн теңгеден асады. Басқа салада үлкен прогресс жасамағанымен еліміздегі осындай бизнес біршама деңгейге жетті. 2022 жылдың 1 тоқсанында құмар ойынды ұйымдастыратын, мүлік тігу бойынша көрсетілетін қызметтер көлемі 138,8 млрд теңгені құрады. Бірі білсе, екіншісі білмейді. Алайда, осы жолда адасқан адамдар тек ақшадан емес, өмірінен айырылады. Елімізде ажырасқан 10 жұптың әр 7 жұбы осы ойындардың әсерінен бір-бірінен ажырады. Құмар ойындардан шыға алмайтын адамдар “лудомания” ауруына шалдығады. Не себепті адамдар тәуелділікке ұшырайды? Бірінші және ең көп таралған мәселе:отбасыдағы мәселе. Ол тікелей жүріп, тұруымызға, дұрыс өмір салтын жүргізуімізге әсерін тигізеді. Егер де үй ішінде тыныштық орнамаса, іштегі ызаны басып тастау үшін ойындарға көңіл бөліп, уақыт өткізетін болады.
Екінші, әрі бірінші мәселеден туындайтын қиыншылық: қаржылық, моральді қиындықтар. Еліміздегі қаржылық сауаттылықтың төмендігінен халықтың көп бөлігі әлі күнге дейін тәуекелге баруға дайын. Үшінші мәселе: қанағатсыздық. Яғни, өмірден түңілу, бар дүниені бағалай алмау. Қазіргі заманда ақша табудың сенімді, әрі көп капиталды қажет етпейтін түрлері көп. Алайда, оны білмеген қауым әлі күнге дейін дұрыс емес ортада жүр. Лудоманияға шалдыққан адамдарға қалай көмек бере аламыз? Еліміздегі әр адам тыныш, уайымсыз өмір сүруге лайықты. Сондықтан, қиын тағдырға тап болғандарға көмектесу маңызды. Республикадағы жағдайды өзгерту үшін салмақты түрде профилактика жүргізбен жөн. Бұл алдын-алу шараларының бірі болып табылады. Лудоманияға шалдыққан адамдардың ең әлсіз жері — ойлау қабілетінен айырылғаны. Сәйкесінше, психологтармен жұмыс көмегін көрсете алады.
Құмар ойынға тәуелділік тәніңізді ауыртып, жаныңыз жапа шекпесе де, санаңызды улап, айрандай ұйып отырған отбасыны тас-талқан етуге құдіреті жетеді. Мейлі, отбасылы болмаса да, «бойдақпын» деп алшаң басқанның да, тұмсығын тасқа тигізген. Құмар ойын түрі заман құбылған сайын түрленіп, зияны да ұлғайып барады. Оған құныққан адам қоғамнан біртіндеп ажырап, өзгелермен байланыс орнату, тілдесу, тұлға ретінде даму секілді адами қасиеттерін жоя бастайды. Лудомания, яғни, ойынға тәуелділіктің дүниежүзінде ауру ретінде қарастырылып, осыған байланысты арнайы медициналық терминнің енгізілуі де тегіннен тегін емес. АҚШ-тың құмар ойындар проблемаларымен күрес жөніндегі қауымдастықтың зерттеуіне сүйенсек, әлемдегі кез келген қала тұрғынының аяқ астынан қылмыскерге айналуы 6 процент болса, маскүнемге айналуы – 34 процент, нашақорлыққа салынуы 32 процентті көрсетсе, ойынқұмар болуы 48 процентке жетеді екен. Демек, адам құмар ойынға әп-сәтте тәуелді болып қалуы мүмкін, оның еліктіру күші есірткіден де асып түсіп тұр. Елде заңсыз ойын бизнесінің зардабын жоюға бағытталған түрлі шара қолға алынғанымен, жымысқы әрекетін жасырын түрде жүзеге асыратындар азаматтарды сан айламен арбайтын болған. Тірнектеп тапқанын құмар ойынға құрбан қылғандардың дені – жастар.
Өткен жылы елімізде заң қабылданып, заңсыз букмекерлік кеңселерді жабу қолға алынды. Сол тұста Қазалыдағы бірдей екі Лото клуб жабылған болатын. Араға бір жыл салып, ойынхананың бірі қайта ашылды. Енді сонда бас сұғатындар қатары қайта көбеюде. Әрине, әркімнің өз еркі десек те, Қадыр-Мырза Әлі атамыз айтқандай «Адам боп туу – анадан» десек, құмар ойынның кесірінен қарыз қамытына байланып, қоғамға айуан боп кету – өз қолымызда екенін ұмытпаған жөн. Лудомания қауіпті дерт. Лудомания, гемблинг, игромания, құмар ойын әуестігі, құмар ойыншы – мұның барлығы әлем бойынша жайылып келе жатқан дерт атауы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл ойындардың психикалық ауытқуға әкеп соқтыратынын мәлімдеп, адам денсаулығына аса қауіпті сырқат қатарына жатқызып, дабыл қаққан-ды. Ол ресми түрде психикалық ауытқу ретінде танылған, алкоголизм, наркомания, токсикомания сынды дертпен пара-пар. АҚШ-та құмар ойынға тәуелді адамдарға алғашқы болып кәсіби көмек көрсеткендердің бірі – медицина ғылымдарының докторы Роберт Л.Кастер. 1972 жылы психиатр АҚШ-тың Вирджиния штаты Брексвилл қаласындағы ауруханада ойыншыларды емдеуге арналған алғашқы стационарлық орталық құрған. Лудомания – жалпы қоғам үшін өте қауіпті дерт.