• Latest
ЖЕМІСТІ ЖҰМЫС ЖАРҚЫН ЖЕҢІСТЕРМЕН ЖАЛҒАСТЫ

ЖЕМІСТІ ЖҰМЫС ЖАРҚЫН ЖЕҢІСТЕРМЕН ЖАЛҒАСТЫ

30/12/2024
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

11/07/2025
«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

11/07/2025
Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

10/07/2025
Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

10/07/2025
«Адал азамат»: Төлеби ауданында халық сенімін ақтап, азаматтық борышын адал атқарғандар марапатталды

«Адал азамат»: Төлеби ауданында халық сенімін ақтап, азаматтық борышын адал атқарғандар марапатталды

10/07/2025
Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлеби ауданының әкімі тұрғындардың арыз-өтініштерді тыңдап, шешу жолдарын талқылады

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлеби ауданының әкімі тұрғындардың арыз-өтініштерді тыңдап, шешу жолдарын талқылады

10/07/2025
«Адал азамат»: Төлеби ауданында қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған «ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» атты ақпараттық-танымдық форумы өтті

«Адал азамат»: Төлеби ауданында қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған «ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» атты ақпараттық-танымдық форумы өтті

10/07/2025
Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында «Заң мен тәртіп – біздің ұстаным!» атты жиын өтті

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында «Заң мен тәртіп – біздің ұстаным!» атты жиын өтті

10/07/2025

Төлеби ауданының әкімі тұрғындардың талап тілектерін тыңдады

10/07/2025
Төлеби ауданында мәжіліс депутаты ауыл тұрғындарының жағдайымен танысты

Төлеби ауданында мәжіліс депутаты ауыл тұрғындарының жағдайымен танысты

10/07/2025
«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет»: Сенат депутаттары Төлеби ауданында

«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет»: Сенат депутаттары Төлеби ауданында

09/07/2025
Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлебиліктердің өтініші орындалды

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлебиліктердің өтініші орындалды

09/07/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Saturday, July 12, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

ЖЕМІСТІ ЖҰМЫС ЖАРҚЫН ЖЕҢІСТЕРМЕН ЖАЛҒАСТЫ

30/12/2024
in Қоғам
0
ЖЕМІСТІ ЖҰМЫС ЖАРҚЫН ЖЕҢІСТЕРМЕН ЖАЛҒАСТЫ
497
SHARES
1.4k
VIEWS

Тарих қойнауына еніп бара жатқан 2024 жыл «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы үшін табысты кезең, жемісті жыл болды деп нық сеніммен айта аламын. Мақсаты ортақ, мүддесі бір, ауызбіршілігі мықты ұжым ретінде, алға қойған межемізді түгелдей дерлік орындап шықтық. Еңбектің өнбегі бағалы дейді халқымыз. Табандылық танытумен, қажыр-қайрат жұмсаумен келген жетістіктеріміз еселі деп білеміз. Жыл аяқталып, есеп беретін тұста, әрбіріміздің үлесіміз бар, маңдай теріміз сіңген таудай табыстарымыздың бірқатары туралы айтып өтуді жөн көріп отырмын.

Алдымен, жақтастарымыздың қатары артқанынан бізге деген азаматтар сенімінің жоғары екенін көріп, қуанып отырмыз. «АMANAT» партиясының Түркістан облысындағы құрамы 1400 жаңа мүшелермен толығып, қатарластарымыздың саны 84 мың адамға жетті. Түрлі еңбек ұжымдарында Отанымыздың қуатын арттырып отырған жақтастарымыз 242 бастауыш партия ұйымдарына бірігіп, Мемлекет басшысы қолға алған түбегейлі саяси реформаларды ауыл-аймақтарда нақтылы іске асыруға жұмылып, партиямыздың шын мәніндегі өзгерістер жаршысы болып танылуына күш жұмсап келеді.

Партияластарымыздың арасында терең ауызбіршілік орныққанын биылғы жылдағы үлкен саяси науқан – АЭС салу бойынша өткен референдум дәлелдеп берді. Қоғамда жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға жетелейтін науқанның алғы шебінде аманаттық өкілдер жүрді. Бір айға жуық мерзімде АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері облысымыздың әр қиырындағы 500-ден астам елді мекенге табан тіреді, барлығы 730 түсіндіру кездесулерін өткізді.

Парламент Мәжілісінің және партиямыздың Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов биылғы жылдың ішінде облысымызға жүмыс сапарымен екі мәрте келді. Төлеби ауданында «Жастар рухы» жастар қанаты өткізген республикалық саяси лагерьде АЭС салу бойынша партиямыздың ұстанымы алғаш мәрте жария етілді. Республикалық Халықтық штаб өкілдерінің бейбіт атом энергетикасы туралы өңірлердегі түсіндіру жиындары Түркістаннан бастауын алды. Бұл да бізге артылған үлкен сенім болғанын айтуымыз керек.

Елімізде алғаш мәрте экономикалық мәселені қоғам талқысына шығарған референдумға Түркістан өңірінің дауыс беру құқығына ие тұрғындардың 75 пайыздан астамы қатысып, қоғам игілігі үшін атқарған жұмыстарымыздың нәтижесін көрсетті.

Республикалық сайлауалды штаб бекіткен жоспардың барлық 16 тармағы толықтай орындалды. Оның ішінде Кентау қаласына қатысты жылу энергоорталығын реконструкциялау жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталып, тұрғындар сапалы жылу қуатымен қамтамасыз етілді, кәсіпорында өндірілетін электр қуатының көлемі артты. Кентау қаласы мен оған іргелес елді мекендердің экологиялық мәртебесін айқындау мәселесі шешімін тапты.

Партияның Cайлауалды бағдарламасын Түркістан облысында іске асыру жөніндегі Жол картасының 2024 жылға жоспарланған 126 тармағын орындау айрықша бақылауымызда болды. Партия айқындаған міндеттердің жүзеге асуына Түркістан облысының әкімі, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы, фракция депутаттары, басқарма және департамент басшылары, аудан, қала әкімдері бір кісідей үлестерін қосып, азаматтардың табысы мен өмір сапасын арттыру, өмір сүру жағдайларын және экологиялық ахуалды жақсарту бағыттары бойынша жүйелі жұмыстар жүргізді.

Нәтижесінде, өңірімізде «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы бойынша салынған алғашқы нысандар, жаңа мектептер, медициналық пункттер мен амбулаториялар, оңалту орталығы, спорт кешендері, өрт сөндіру және полиция бекеттері, мәдениет үйлері ел игілігіне пайдалануға берілді. Ауыз су, газ, электр жарығы бойынша да қарқынды жұмыстар атқарылды. Ауыл шаруашылығы, инвестициялық жобалар, құрылыс саласы, жаңа жұмыс орындарын құру бастамалары бойынша индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы қамтамасыз етілді.

Партияның беделіне айналған «Жер аманаты» жобасы аясында, 50,4 мың гектар жерді ортақ жайылымға қайтару жоспарланса, нақтылы 62,8 мың гектардан астам жайылым жер қоғам игілігіне қайтарылып, жоспар 124,7%-ға орындалды. «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 14 мыңнан астам азамат отбасылық табысты басқару негіздері бойынша білім алып, тұрғындардың қаржылық сауаттылығын көтеруге арналған жоспар 135,6%-ға орындалды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында, 2023 жылы берілген несиелердің қайтарымы 1,6 млрд. теңгені құрады. Оның 1,1 млрд. теңгесіне 142 жоба қайта қаржыландырылды. Жобаны жалғастыруға 62 ауылдық округ және 62 кооператив белгіленді.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберіндегі «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» апталығы облысымыздың барлық аймағында өтіп, оған 19 мыңға жуық адам қатысты, өзен, көлдер жағалауларынан, тау бөктерінен, тарихи және киелі орындардан, көпшіліктің демалыс орындары болып түзілген аймақтардан 275 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Күзгі мезгілде қарқынды жүрген тал егу жұмыстарына аманаттық өкілдер елеулі үлестерін қосты.

Бұл бастаманың маңызын арттыруда партияның Түркістан облыстық филиалы экологиялық тазалық жұмыстарын көпшілік қадір тұтатын, киелі жер деп байыптап, қасиетті орынға балайтын аумақтарда өткізуді дәстүрге айналдырды. Партияластарымыздың ұйытқы болуымен осы мазмұндағы ізгілікті істеріміз Қожа Ахмет Ясауи, Ақбура әулие, Ғайып Ерен Қырық Шілтен, Кемеқалған, Гауһар ана, Домалақ ана, Мұңлық-Зарлық, Жаныс баба, Түркібасы әулие, Баба түкті Шашты Әзиз, Бәйдібек баба, тағы басқа көптеген қасиетті орындарда өтті.

«Кедергісіз келешек» жобасы аясында Сауран ауданында 200 орындық ересектерге арналған сауықтыру орталығы ашылса, мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Тең мүмкіндіктер» спорттық фестивалі өтті. Ал, «Ардагерлерді ардақтайық!», «Ұлттық мұра» жобалары шеңберінде өмір жасы 100-ден асқан қарияларға құрмет көрсетіліп, барлық, аудан-қалаларда және облыстық деңгейде «Батагөй қария» байқаулары болып өтті.

Партия филиалы ұйтқы болған, қоғамды топтастырған іс-шаралардың қатарында бастауыш партия ұйымдарының, ауыл әкімдерінің, депутаттардың, Әйелдер қанаты мүшелерінің форумдарын атап өтуге болады. «Кітап-AMANAT» орталықтарын Жетісайдың ізімен Түлкібаста, Мақтаралда ашуға ұйытқы болдық. Партияның облыстық филиалы Әйелдер қанатының бастамасымен Түркістан қаласында Әйелдер қанатының медиация орталығында қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды.

Партия филиалына қарасты қоғамдық қабылдау бөлмелері 18 мыңнан астам азаматтың шағымдарын тыңдады, оның 63 пайыздан астамы оң шешім тапқанын баршамыз атқарып отырған жұмыстың оң нәтижесі деп білеміз. «Құқықтық көмек» жобасы нағыз халықтық бастамаға айналып, шалғай елді мекендерде біз өткізген 264 мобильді көшпелі қоғамдық қабылдаулар тұрғындардың ең жоғары бағалауына ие болып отыр.

Депутаттық корпуспен де жұмысты жүйелеуді нәтижелі іске асырып келеміз. Бұл бағытта фракция мүшелерінің жұмысын бағалау жүйесін енгізіп, олардың қорытындыларын Саяси кеңес бюросы мен фракция отырыстарында қарау тәжірибесін енгіздік. Республика өңірлерінің ішінде Түркістан облысы екінші жыл қатарынан облыстық мәслихат депутаттарының және аудандық, қалалық мәслихаттар төрағаларының қатысуымен брифингтер өткізуді қолға алды.

Партиямыздың жастар буыны еліміздегі көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына гуманитарлық көмек жөнелту ісімен белсене шұғылданды. Бұл жұмыстарға аманаттық депутаттар, Әйелдер қанаты да үлестерін қосып, табиғи апат орын алған аймақтарға алғашқылардың бірі боп жетті.

Облыстық «Жастар рухы» жастар қанаты «Ақылман» ойындарының іріктеу кезеңдері мен облыстық байқауын өткізді, өңіріміздегі саяси партиялар арасында «Мәслихат Cup» футболдан жарыс ұйымдастырды, тағы да басқа қоғамды топтастыратын маңызды іс-шараларды, патриоттық акцияларды ұтымды атқара білді. Осы жұмыстардың нәтижесінде партиямыздың «Жастар рухы» жастар қанатының Түркістан облыстық филиалы республикада ең үздік аумақтық филиал деп танылса, осы құрылымның консультанты, жас белсенді Еркебұлан Мадиярұлы Түркістан облысының үздік волонтеры деп танылып, түркістандық қоғамдастықтың ыстық ықыласына бөленді.

Ортақ іске бірлесе жұмылып, жанашырлықпен атқарған істеріміз бізді осындай бедел биігіне, үстем абыройға жеткізіп отыр. Ұжыммен келген еңбектің тәтті жемісін көруді – үлкен бақыт деп білемін. Жылды табысты аяқтауға көмекші болған, жүктелген іске аса жауапкершілікпен қараған әріптестерім, партия, белсенділері, бастауыш ұйымдардың өкілдері бүгін партияның «Белсенді қызметі үшін» қоғамдық наградасымен, «Түркістан облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, Түркістан облысы әкімінің Алғыс хатымен және Түркістан облыстық мәслихатының Грамотасын марапатталды. Қоғам мен билік арасындағы алтын көпір миссиясын атқарып жүрген барлық партияластарыма шынайы ризашылығымды білдіріп, алғысымды жеткіземін!

Партияның Түркістан облыстық филиалы алдағы 2025 жылы да белсенді ұстанымда болып, жұмыс қарқынын еселей түседі деген сенімдемін. Бұл жұмыстардың барлығының басы-қасында еліне адал қызмет ететін, еңбекқор, болашаққа нық қадам баса білетін Өздеріңіз секілді партияластарымыз жүр деп білемін!

Кіріп келе жатқан 2025 жылдың алтын арайлы мекенімізге төгетін шапағаты көп болғай! Әрбір қазақстандық отбасы бақыт шуағына бөленіп, ырыс-несібесі молынан болсын! Еліміз дәулетті, мемлекет қуатын арттыруға арнаған жұмыстарымыз жемісті бола берсін!

Алтынсары Үмбетәлиев, “AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі

Previous Post

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 140-ҚА ЖУЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Next Post

Жаңа Түркістан

Related Posts

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

by Алаш Ақпарат
11/07/2025
0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Алишер Сатвалдиев және “Аmanat” партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев ауданға...

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

by Алаш Ақпарат
11/07/2025
0

Түркістан қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен №15 М. Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясында қаладағы мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен кезекті оқу...

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

by Алаш Ақпарат
10/07/2025
0

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Төлеби ауданына арнайы іссапармен барды. Сала мамандарымен жиналыс өтіп, 4 мәселе қаралды. Аудандағы...

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

by Алаш Ақпарат
10/07/2025
0

Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында адам саудасының алдын-алу бойынша іс-шара өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев қатысып, күн...

Next Post

Жаңа Түркістан

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

11/07/2025
«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

11/07/2025
Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

10/07/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды

«Қауіпсіз ел»: Түркістан қаласында мектептерде діни тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы тақырыбында семинар өтті

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

Әділетті Қазақстан: Төлеби ауданында халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау тақырыбында жиын өтті

«Адал азамат»: Төлеби ауданында халық сенімін ақтап, азаматтық борышын адал атқарғандар марапатталды

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Төлеби ауданының әкімі тұрғындардың арыз-өтініштерді тыңдап, шешу жолдарын талқылады

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,599)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In