Түркістан Дін Істері Басқармасы Дін Мәселелерін Зерттеу Орталығы КММ-нің дінтанушы маманы Ұлықбек Алиакбарұлы және Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Молдияр Бахтиярұлының қатысуымен Сайрам аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері арасында діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын парақшалардан сақтану жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – аудан тұрғындары арасында жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру және ақпараттық түсіндірме жұмыстары арқылы келешек буынның діни ағымдар мен секталардың жетегінде кетуден сақтандыру болып табылады. Кездесу барысында тақырыпқа байланысты бірқатар сұрақтар төңірегінде ой-пікірлер ортаға салынып, тиісті жауаптар берілді.
«Қазіргі таңда еліміздегі дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі деструктивті идеологиялардың таралуы болып табылады. Алдымен «Деструктив» ұғымына талдау жасай кетсек, терминдік мағынасы бойынша бұл сөз латын тілінен «destructio», яғни бүлдіргіштік, залал тигізуге ұмтылыс, нәтижесіздік деген мағыналарды береді. Деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар. Олардың ортақ сипаты – діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуынан көрінеді. Мұндай ұйымдар тұлғаның табиғи үйлесімді, рухани, психикалық (ішкі деструктивтілік) және физикалык жағдайына қауіпті болып келеді, сонымен катар қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен дәстүрлерді, мәдениетті жоятын (сыртқы деструктивтілік), жалпы қоғамға қауіпті ұйым. Деструктивгі ағымдарда жасырын психологиялық зорлық қолданылады. Мұның көрінісін жеке адамның (лидердің) немесе адамдар тобының (басқарушы топ) басқа адамдардың санасына, өміріне адамдардың саналы түрде келісімінсіз мақсатты түрде заңсыз әсер етуді орнатуынан байқауға болады. Ол адамдардың табиғи емес және заңсыз лидерлер мен доктринаға мойынсұнушылық пен тәуелділіктің қалыптасуы мен сақталуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Олардың түпкілікті максаты – адамдарды бағындыру арқылы заңсыз байлық пен билікке кол жеткізу. Ғылыми әдебиеттерде «деструктивті культ», «деструктивті секта» ретінде берілетін деструктивті діни ұйымдарды зерттеу, олардың анық және нақты анықтамасын беру маңызды. Батыс зерттеушісі У.Мартин өзінің «Культтер патшалығы» деген танымал еңбегінде деструктивті культке мынадай анықтама береді: «Деструктивті культ – бұл өзінің жақтаушыларына толық бақылау орната алатын әмірлі түрде бір адам немесе шағын адамдар тобымен басқарылатын топ. Деструктивті культтердің негізгі ерекшелігі олар адамның еркін бұзып тастап, оны топқа тәуелді етіп қою үшін алдауға және сананы бақылау әдістерін қолдануында». Культтердің деструктивтігі адамның физикалық, психологиялық және жан саулығына, материалдық молшылығына зиян келтіруінен, қоғамда қалыптасқан тұлғааралық, топаралық байланыстарды бұзуынан көрініс табады. Олар көбінесе иррационалдық, эмоциялық әдістерді пайдаланады, сондай-ақ адамға психологиялық әсер ете отырып, адамды отбасынан, қоғамнан, өз халқының мәдени және әлеуметтік өмірінен айырып, алшақтатуға тырысады. Ал қарапайым халық арасында кең қолданылатын «Секта» терминін айтқан кезде ғылыми тұрғыда Э.Трёльчті атап кетуге болады, ол ресми шіркеуден ажырап кеткен шағын топ, оның негізгі сипаттары – көбінесе құқықты, меншікті, соғысты, билікті мойындаудан бас тартуда көрініс табатын әлемнен дистанциялық, өздерінің жалпы өмір сүрудегі ережелері мен нормалары қамтылған өзіндік әлеуметтік қауым кұру, сенімнің жеке сипаты, ерікті түрде мүше болу деген анықтама береді. Бұл ағымдарды асоциалды, яғни қоғамға қарсы әрекет ететін ұйымдар ретінде сипаттауға болады. Онымен қоса, оларды псевдодіндер деп атау да негізге алынған. Ал сонымен қатар көп ағымдарға таңылатын «Псевдо» (жалған) сөзі келесі сипаттаманы береді: мұндай ұйым сырттай қарағанда дінге сәйкестікті көрсетеді, яғни барлық әдет-ғұрыптар, культтік іс-әрекеттер жасалынады. Сектаның уағыздаушылары дәстүрлі конфессиялардың дінбасылары тәрізді жақтаушыларының алдында әсерлі сөз сөйлейді. Алайда олардың әрекеттері адамды рухани жетілдіру мен өнегелік құндылықтарға бейімдеуге бағытталмаған. Адамға рухани және денелік қысым жасалынады. Кейде дәстүрлі және дәстүрлі емес діндердің, деструктивті культтердің арасындағы нақты айырмашылықты көрсету қиынға түседі. Сол себепті қоғамға қауіп төндіруі ықтимал ұйымдардың негізгі белгілерін анықтауға тырысамыз. Сонымен, деструктивті культтерге келесі сипаттамалар тән:Харизмалық көшбасшының болуы. Көптеген культтер харизмалық көшбасшылардьң, яғни көпшіліктің арасынан ерекшеленетін және басқаларға әсер ете алатын айрықша қасиеттерге, харизмаға (грек. сһагізта – қабілет, талап) ие тұлғалардың айналасында жинақталады. Мұндай адамдар көбінесе өздерін Құдайдың атынан сөйлеуге және басқаларды өмір сүру ережелеріне үйретуге құқылы деп есептейді. Жабықтық және қоғамға қарсы тұру. Көбінде мұндай культтер ерекше қауым, үлкен отбасы сияқты қалыптасады. Мұндай «отбасылардағы» ережелер өзгеше. Культтің жақтаушылары ортақ қауым мүддесі үшін өздерінің пәтерлерінен, көліктерінен және басқа да мүліктерінен айырылып жатады. Адептерінің өмірлеріне бақылау жасау. Деструктивті культтерге мүшелерін қатаң бақылауға алу тән, ұйымның ілімдері мен көшбасшыларына деген сыни қатынасқа жол берілмейді. Жақтаушылардың отбасынан, қоғамнан оқшаулануы сияқты жағдайлар жиі кездеседі. Егер туысқандары, жақындары қауымға мүше болғысы келмесе, олармен барлық қарым-қатынастарды үзуге итермелейді. Бұл көптеген отбасылардың бұзылуына, ұрпақаралық сабақтастықтың әлсіреуіне алып келеді. Манипуляцияларды қолдану. Секта мүшелеріне бақылау жасау олардың іс-әрекеттерін манипуляциялау арқылы жүзеге асырылады. Кәдімгі сендіру күштері жетіспеген жағдайда топ көшбасшьшары гипноз, медитация, ұзақ уақыт ғибадат ету, бір фразаны бірнеше рет қайталау сияқты амалдарды пайдаланады. Культтегі өмірге психологиялық тәуелді етіп қояды. Мұндай қауымдардың мүшелерінің әрекеті тұрақты түрде белгілі бір практикаларды және психогехникаларды колданудың салдарынан бақылауға оңай беріледі. Жақын арада ақыр заманның болуын күту. «Жаңа діндер» ілімінің маңызды ерекшелігі – ақиқат ақыр заманды күту, адам өмірін алдын-ала болжауды, тағдырға бағыныштылықты насихаттау болып табылады.
Кез келген деструктивтік діни ұйымы және оның жетекшілері озінің қатарына жаңа адептерді тартуға ұмтылып, бірінші кезекте олардың өмірлік маңызды мұқтаждықтарына назар аударады. Сондықтан, адамды деструктивтік діни ұйымына тарту себептері жетерлі, олардың арасында: – отбасында, қоғамда, достардың арасында өмірлік іс-әрекетке деген ынталандырмасының жоқтығы; – өмірдегі махаббат, достық, ұжымшылдық, құрмет, ынтымақтастық сияқты басты құндылықтары бағытынан адасу; – айналадағы жақын және туған бауырларымен байланыс үзу, оған қоса, мектеп / ЖОО тамамдағанына байланысты; оқу / жұмыс ауыстыру байланысты отбасынан айырылу; тұрақты жұмыстың жоғалтуы / ауысуы, отбасының ажырасуы / ыдырауы, жақын адамдардың ауруы/жоғалтуы; тұрмыс қалпының өзгеруі;- отбасындағы жағдайсыз моральдық-психологиялық және материалдық жағдайға байланысты жеткіншек баланың қалыптасып келе жатқан психикасына әсер беруі; – ата-аналардың қоғам арасындағы төменгі мәртебесінен намыстану және басқа да;
Деструктивтік діни ұйымының жетекшілері көпшілік адамдардың өміріндегі осы ерекшеліктерді жақсы біледі, сондықтан, адамдарды өзінің қатарына тарту барысында, оларға байлық береке уәде беріп, ақырында деструктівтік ұйымына алып келеді. «Шығыста бір дана сөз бар: «Терезені ашсаң, таза ауамен бірге шаң-тозаң кіреді», – деген. Кезінде түрлі діни ағымдар тәуелсіздік алған жылдары біздің де есігімізден кіріп, төрігімізге шыға жаздады. Алайда қазір діни жағдай тұрақталды. «Ағым» деген сөздің өзі аты айтып тұрғандай, ағып өте шығатын құбылыс. Исламда талай ағымдар болған. Алайда олар өз дәуірінде ықпалды болғанымен, уақыт өте келе өміршеңдігінен айырылып, әлсіреп, жер бетінен жойылып кетті. Сол секілді, бүгінгі діни ағымдар да ертең-ақ жойылып кететініне сенімдіміз. Алайда біз өз мүмкіндігіміз бен қабілетімізді, ықпалымызды пайдаланып, жастарымызды, өскелең ұрпақты жат ағымдардың идеологиясынан сақтап қалуымыз керек. Ол үшін қоғам болып күресуіміз тиіс», – деген еді. Сол себепті еліміз өркендеп, шарықтасын десек, көкірегіміздегі патриоттық сезімін өшірмей, дәстүрлі құндылықтарымызды көзіміздің қарашығындай сақтауымыз қажет» -деді Түркістан Дін Істері Басқармасы Дін Мәселелерін Зерттеу Орталығы КММ-нің дінтанушы маманы Ұлықбек Алиакбарұлы.
«Секта сөзі (ағым) (лат. secta- ой жүйесі, ілім, бағыт,) – орнықты діни ілімдерге әлеуметтік қарсылық түрінде пайда болады, тек өзінің ұстанған жолының дұрыстығына күмәнсіздігімен ерекшеленеді. Секта ежелгі гректерде де ілім, бағыт, мектеп ұғымын білдірсе, этимологиялық мағынасы латынның sequi яғни, «артынан еру», «бағыну» деген сөзінен шыққан. Соңғы кезде Батыс дінтанушы ғалымдары алғашқы екі ұғымды («жалған ілім», «күпірлік») синоним ретінде қолданып жүр. Секта сөзі В.И. Дальдің терминологиялық сөздігінде, секта- жеке қауымдастық, дәстүрлі және әлемдік діндерден бөлініп шыққан діни ілім. Д.Н. Ушаков құрастырған сөздікте: Дәстүрлі діндерден өз дербестігін алған діни ілім немесе түрлі әлеуметтік топтардан құралған ұйым; Құқықтану саласынан да секталардың қоғамдағы әрекеттеріне қарай «деструктивті немесе тоталитарлы секта» деген терминдік атау берілген. Деструктивті секта-дәстүрлі діндерден бөлінген оларды дін ретінде мойындамайтын, жеке көзқарастарымен діни догматикаларын қалыптастырған, мемлекеттің ішкі тұрақтылығы және қоғамдық құрылыстарға кері әсерін тигізуші тар шеңберлі көзқарастағы адамдардан құралған топ. Тоталитарлы секта-басшылары көбіне заңға қайшы келетін қылмыстық әрекеттерге барып, қарапайым топ мүшелерінің саналарын түрлі манипулияциялық амалдармен жаншып, тоталитарлық жолмен бағындыруға тырысады. Діндер дәстүрлі және дәстүрлі емес деп бөлінеді. Дәстүрлі діндер деп- бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі, діни әдет-ғұрыптары, отбасылық қарым-қатынасы және белгілі бір ұлттың дәстүрлі өмір сүру формасы мен мәдени құндылықтарын жоққа шығармай, өз ілімдері тұрғысынан қабылдап, оған қарсы келмей ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыратын ерекше құбылыс. Бірақ, дәстүрлі діндерге деген әр қоғамда әртүрлі көзқарастар туындауы мүмкін, оған мысал Ресейде дәстүрлі дін саналатын православия Жапонияда дәстүрлі саналмауы мүмкін немесе керісіншеде болуы да ықтимал. Ал дәстүрлі емес діни қозғалыстар қоғамда тарихи-мәдени тұрғыда қалыптасқан құндылықтарды, салт – дәстүрлерді танымайтын, оны жоққа шығаратын негізгі діндерден бөлініп шыққан діни ағым. Діни ағымдар негізінен материялдық тұрғыда шегіне жеткен ал, рухани азғындаған қоғамынан шығуда. Олардың пайда болу шарттары да күрделі. Экономикалық тұрғыда дамыған мемелекеттердегі осы діни секталардың шығуына әсер етуші факторлары мен таралу процестері біздің еліміздегіден басқаша сипатта болды. Материялдық жағынан дамыған қоғамның әсіресе студент жастар, зиялы қауым өкілдері мен өнер жұлдыздары және қарапайым көпшілік арасында да жаппай ағымның шығуына және етек алуына қоғамдағы әлеуметтік психологиялық мәселелер де әсер етті. Еш өзгеріссіз күнделікті өмірлерінен мезі болған олар, бақытты материалдық құндылықтардан емес, керісінше рухани құндылықтардан іздейді. Әлемде қандай экономикасы өркендеген мемлекет, ең бірінші ұлтының мәдени және рухани құндылықтарын сақтап, құрметтемесе онда оның болашағы бұлыңғыр болмақ. Бұндай өркениеттер тарихта көптеп саналады. Қазіргі таңда кейбір дамыған елдерде өздерінің ұлттық құндылықтарына көп көңіл бөлінбегендіктен, сол қоғам мүшелерінің мәңгілік сұрақтарының шешілмеуі, өмірдің мән-мағынасы, өлім және ақирет ілімдері жайлы түсініктердің жетпеуі, жастарына дұрыс бағыт-бағдар берілмеуі және соңғы жүз жылдықтарда орын алған дүниге деген материалдық көзқарастардың қалыптасулары проблемалары адамдардың рухани іздеуіне әкеп соғады.
Қазіргі заман ақпартты-технологияның яғни, ғылым мен білімнің дамыған уақыты. Сол ғылым бір жағы адамзаттың руханиятының дамуына пайдасын тигізсе, екінші жағы жалпы оның жеке тұлға болып қалыптасуына зиянын тигізеді. Мәселен қарқынды дамудағы мемелекеттер арасындағы саяси мәдени байланыстар, ақпараттар алмасумен оның жылдам жетуі, БАҚ, интернет жүйесі. Адамның осы ақпараттарды, түсініктерді жүйелі қабылдап, қорыта алмауы және уақытының жетпеуі оның психологиясына кері әсерін тигізіп, рухани құлдырауға апарады. Өмірдің бар саласы комерцияға айналуы, барлық нәрсе сатылады және сатып алуға болады деген түсініктің белең алуы, қоғамдағы парақорлық пен бюрократия, әлеуметтік, саяси, демографиялық және тағы да басқа проблемалардың дер кезіде шешілмеуі, білім беру саласында дін туралы ғылыми білім беру жүйесінің дұрыс жолға қойылмауы және рухани жұтаңдық, адам өз өміріне рухани тірек таппауы секілді мәселелердің барлығы осы дәстүрлі емес діни қозғалыстардың пайда болуына әсер етеді. Дәстүрлі емес жаңа діни қозғалыстардың әлемдегі дамыған елдердегі кеңінен жайылуына, ондағы экономиканың біржақты дамуы, мәдени құндылықтар мен рухани құндылықтарға мән берілмеуі яғни, рухани деградация, жұмыссыздықтың өсуі, инфлияция, тәртіпсіздіктердің шамадан тыс етек алуы, маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік, экологиялық проблемалар және т.б. – осындай күрделі мәселелердің шешімін таппаған соң адам санасы белгілі бір рухани тірек іздеуі заңдылық. Қорыта айтқанда дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадаттар қоғамдық, ғаламдық деңгейдегі саяси, әлеуметтік, діни жалпы мәдени факторлардың себебінен пайда болған және пайда болуда. Оның адамдар арасында жаппай тарап өріс алуына бірден бір себеп рухани байлықтың жоқтығы. Сондықтан еліміз келешекте кемел болсын десек, материялдық тұрғыға мән бергеніміздей рухани құндылық ұлт қуаты екенін ұмытпай оғанда көңіл бөлуіміз керек» – деді Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Молдияр Бахтиярұлы.
Діни радикализм қоғам арасында қазақ халқының дүниетанымына жат идеологияны таратып, алауыздық тудырса, оларды топ-топқа бөліп, қоғамның берекесін қашырса, еліміздің ішкі діни ахуалының тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне үлкен қатер төнуі мүмкін. Діни радикализмнің емі – діни және зайырлы құқықтық сауаттылық. Осыған орай, дерадикализациялау іс-шарасы қазіргі азаматтық қоғамда өзекті тақырыпқа айналып отыр. Айтылған мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын табу үшін мемлекет пен азаматтар дәстүрлі рухани құндылықтарды, төл мәдениетті, салт-дәстүрді, ұлттық дүниетанымды жаңғырта отырып, радикализмнің кез келген түрлері мен бой көрсетулеріне қарсы біртұтас шеп құру – уақыт талабы. Қоғамның қозғаушы күштерінің бірі болып есептелетін діннің адам мен адам, адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынаста өзіндік орны бар. Жақсы қасиетімізді ұштап, ұлттық құндылықтарымызға қайшы келетін, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімге, мемлекеттің тұтастығына кері әсер ететін, елдігіміздің шырқын бұзатын діни радикализм сияқты қасіреттен сақ болу – әрбір азаматтың абыройлы борышы. Деструктивті діни ағымдар қоғамдық тыныштыққа, ұлттық қауіпсіздікке, отбасы тыныштығына, адамның жаны мен тән саулығына, тұлғасы мен кісілігіне, ары мен намысына, құқы мен еркіне өте үлкен қатер тудырады. Сөз орайында радикалды ағым ұстанушыларының белгілері мен ерекшеліктерін айта кетсек: олар біріншіден дәстүрлі діни танымға қайшы ілімі мен ұстанымы арқылы ерекшеленеді; басқа діндер мен дін өкілдеріне «Құдайдың қарғысы атқан» деген сыңайдағы сын айтуға құмар; деструктивті діни ұйым лидері каризмасы бар шешендік өнерін жетік меңгергендер қатарынан шығады; миссионерлік әрекеттерінде өте белсенді: кез келген кеңістікте уағыз айтып, кітаптар таратып, бұқаралық ақпаратта да белсенді келеді; тренингтер мен мәжілістерді ұйымдастыру барысында өзіне керекті адамдардың типін адаспай таба алады; деструктивті діни ағымға жаңа келген жастар мен жасөспірімдерге ерекше көңіл бөледі, қамқорлық жасайды; арнайы психотехникалық-методологиялық кешенді жүйесі бар, арнайы бағдарламалық курсы да қамтылған; өз өкілдері мен мүшелерінің келбетін, мақсатын, аты-жөнін өзгертіп, рухани статус не атақ беруге, арнайы культтік киім формасы мен ритуалдық заттарды тасуға ден қояды; деструктивті діни ағым өкілдері арасында темірдей діни тәртіп пен өзара иерархиялық қатынас орнатылады; әлеуметтік аз қамтылған отбасы немесе топтарға қайырымдылық жасауда дархандық танытып, оларды өз орталарына оңай тартып алады; деструктивті діни ағым мүшелерінен арнайы бекітілген мөлшерде ұдайы жарна, төлем, «құрбандық садақа» салынады; өз мүшелеріне арналған ұғынықты ортақ терминдер арқылы көмкерілген әдебиеттер мен нұсқаулықтар таратады; қатарына жастарды көптеп тарту мақсатында заманауи әдістермен ұйымдастырылған діни мәжілістер сериясы бар; білім беруге деген ерекше қызығушылығына қоса, өздерінің жеке жатақханалары мен асханалары, оқу орталықтары мен курстары бар; білім беру, мәдениет ошақтары мен кітапханаларға тегін кітап сыйлау жұмыстарын үрдіске айналдырады; өздерінің балабақшалары, жазғы лагерлері, жағажай, жастар мекемелері арқылы жаңа мүшелер мен өкілдерін арбау-алдаумен қатарларына қосып толықтырып отырады; ұлттық құндылықтарды, барлық ұлттар мен этностардың дәстүрі мен салтын, дәстүрлі діни танымын (наурыз, беташар, сәлем салу, зиярат, рух-әруақ түсінігін, жеті шелпек тарату, қабірге құран бағыштау, әулиелерге және т.б.) жоққа шығарады; мемлекеттік саясатқа, оның жүйесіне, құқықтық-конституциялық негіздеріне, зайырлылық ұстанымына, азаматтық өмір салтына төзімсіздігі агрессиялық сипатқа ие; ұлттық және мемлекеттік мерекелерге, марапаттар мен символдарға, таңбалар мен әнұранға қарсы; қазақ болмысының мәні – Матуриди діни танымына, ханафи фикх ерекшеліктеріне, жалпы мазхаб ұстанымына қарсы, мұсылмандық негіздерге бидғат, ширк, куфр деп қарайды; басқа дін өкілдеріне, еш дінге қатысы жоқтарға өшпенділікпен қарайды; мәдениет, өнер, ғылым мен философиялық танымға, музыкаға, балет, сурет салуға қарсы агрессиялық психологияны ұстанады; Конституция, заң нормалары мен міндеттерін орындаудан бас тартады, әскерден қашады, міндетті зайырлы білім беру жүйесіне қарсы, ғылыми таным нәтижелеріне, медициналық процедуларға, екпеге, қан құюға, трансплантацияға қарсы, зайырлы мектеп бағдарламалары мен кейбір пәндерге деген қайшылықты ұстанымдары бар. Елімізде соңғы кездері диструктивті діни ағымдар мен секталардың, радикалды ағымдардың саны артып отыр. Қоғамда дәстүрлі емес, экстремистік, радикалды, мистикалық, экумендік ағым өкілдері ең маңызды қоғамдық және саяси мәселелердің негізіне руханият жататындығын жақсы болжап отыр. Сондықтан олар діни таным негізінде, жалпы дін құбылысы арқылы қоғамда жік тудырып, тыныштық пен тұрақтылықты саяси, ұлттық, экономикалық және әлеуметтік қайшылықтағы қабаттарға бөліп, ыдыратуды көздейді. Деструктивті ағымдардың сыртқы факторы ретінде мыналарды атауға болады: кісі өлтіру, оның жеке тіршілігі мен өмірін құрту; белгілі бір қоғамды немесе әлеуметтік қатынастарды бұзу (террористік акт, соғыс), жансыз объектілерді, сәулет ескерткіштерін және басқа да өнер туындыларын (вандализм) жою, табиғи ортаны бұзу (экожүйелік, экологиялық лаңкестік), өзіне-өзі қол жұмсау – физикалық түрде қасақана өлтіру және жеке басын өзі жою. Адамның деструктивті мінез-құлқы әртүрлі әлеуметтік институттардың ықпалымен реттеледі. Ол әлеуметтік-құқықтық санкциялар, медициналық араласу, педагогикалық ықпал, әлеуметтік қолдау және психологиялық көмек сипатында болуы мүмкін. Қысқасы, бүгінгі жастарға өзінің мұсылмандық негізінің басқа мұсылмандардан ешқандай кем емес екендігін түсіндіре беруіміз керек. Өзіміздің тарихымызды ғылыми негіздеп, оның құндылықтарын, танымдық қабаттарын, діни тәжірибесін, Фарабиден бастап Мәшһүр Жүсіпке дейінгі аралықтағы тұлғалармен, олардың шығармаларымен діни және зайырлы білім түрде сусындатуымыз керек. Сонда олар өзінің бүкіл тарихына күмәнмен қарауды тоқтатады.
Біз жастарымызға керегі – ең бірінші өзінің болмысы, мәдениеті, діни танымы, тәжірибесі. Тәжірибе деген – тарих деген сөз. Тарихта қандай тұлғалар болды, қандай еңбектер қалдырды, міне осыны негізге алсақ, бұл тарихилық болып шығады. Яғни, біз діни экстремистік және диструктивті шаблондардың, олардың сипатын, табиғатын тарихилық өлшеммен, діни тәжірибемізбен салыстырып, анықтай аламыз. Диструктивті-радикалды ағымдардан қорғануда не үшін ұлттық менімізді, болмысымызды сақтауымыз керек. Қазіргі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы дер кезінде көтерілген, өйткені өзгерместен жаңғыруымыз керек. Қалай? Оның бір-ақ ұстанымы бар, ол – тарихилық. Ол саяси детерминизмге де, діни радикалдық экстремистік тенденцияға да жауап береді. Сонда біздің мемлекеттің басты тұғыры болмыстық және тарихилық негізде екендігі белгілі болады.