Бүгін ротация тәртібімен тағайындалған жаңа лауазым иесін облыс әкімі Ж.Түймебаев қабылдап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
«Салық мемлекеттің кіріс көзінің басты қаржылық құралы. Барлық елдерде мемлекеттік шығындар мен салық салу мәселесіне үлкен мән беріледі. Нарықтық қатынастар қалыптасқан мемлекеттерде салықтар экономиканы басқарудың негізгі күш құралы болып табылады. Бүгінде Елбасының Жарлығымен Түркістан қаласы облыс орталығы болып, Шымкент еліміздегі үшінші мегаполисті қалаға айналды. Енді алда атқарылар іс көп. Сондықтан да Сізді салық механизмін жетілдіріп, оны ары қарай дамытады деп сенім білдіремін»,-деді облыс әкімі.
Ә.Тілегенов 1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығы экономика және ұйымдастыру», ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Ұлттық Жоғары мектебін «Мемлекеттік басқару» біліктілігі бойынша, Қызылорда мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша оқып бітірген.
Еңбек жолын 1983 Мақтаарал ауданы Коммунизм совхозы «Трудовосток» бөлімшесінің бухгалтері болып бастаған. Ол әр жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі аудандық басқармасының экономисі, аға және бас экономисі, аудан әкімінің орынбасары, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік салық инспекциясы салық комитетінің басқарма бастығының орынбасары, мемлекеттік Кіріс министрлігінің басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары, Тараз қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы, Жамбыл, Қарағанды облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары, Қызылорда облысы бойынша салық комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. 2010-2018 жылдары Шымкент қаласы бойынша салық басқармасының бастығы, Қызылорда облысы бойынша салық департаментінің басшысы, Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып еңбек етіп келген.
ЖЕТІСАЙДА «ҚЫС – 2024» ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ
Зілзала, от, топан су – тілсіз жау. Олардан кез-келген уақытта сақ әрі барлық жағдайда дайын болуымыз керек. Тұрғындар мен мекемелердің,...