Шамамен 30 метрдей картаны ашып көрген облыс әкімі “Мынаны соза берсек, Қызылордаға дейін баратын сияқтымыз ғой” деп әзілдеді. Әзілінің өзінен қуаныш пен толқудың лебі байқалып тұрды. Себебін айтайық.
Бұл карта XV ғасырда жазылған. Аса құнды құжатта Ұжы Жібек Жолының бойындағы ірі қалалар мен жер-су аттары белгіленген. Бір ғажабы, картада Түркістан қаласы да тұр (Түркістанмен ойнапсыздар). Шығыс және Орта Азия мен Шығыс Еуропаның “менмін” деген қалаларының қатарында Түркістанның болуы керемет қой.
Тағы бір айта кетерлігі, әлемде бұл картаның көшірмелері жоқ деуге болады. Түпнұсқасы Гонконг банкінде сақтаулы тұр. Оның құны – 20 млн. АҚШ доллары! Құнды жәдігердің бір көшірмесін Бейжің университетінің
— 3-4 жыл бұрын Алматыдағы ғылым академиясында тарихшылар бас қосты. Жиынға арнайы шақырылған қытай профессоры бізге ризашылығын білдіріп, осы картаны сыйға тартты. Кезінде бұл туралы жазылды. Менен картаны сұраушылар көп болды. Бірақ, бермедім. Жақында Түркістанның жаңа дәуірі басталып жатқанын, осы шаһарда үлкен музей салынатынын естідім. Сондықтан аса құнды картаны осы музейге тапсыруды жөн деп таптым. Оның үстіне картада Түркістан қаласы да белгіленген, — дейді профессор ағамыз.
Айпақшы, әлгі қытай ғалымы осы карта туралы кітап шығарыпты. Бірақ, түркі тіліндегі жер-су атауларында аздап кемшілік бар көрінеді. Сол профессордың шәкірті, қазақ тарихшысы Нұрлан Кенжеахмет олқылықтарды жойып, тереңірек зерттеп өз еңбегін жазып бітірген. Әтеген-айы жарыққа шығара алмай жүр екен. Облыс әкімі бұл кітапты шығарып беретінін айтып, жұртшылықтың алдында уәде берді. Демек, ғылыми айналымға жаңа кітап енгелі тұр. Ол Түркістанда басылмақ. Байқайсыздар ма, Түркістанның жаңа ғасыры әдемі оқиғаларымен басталып жатыр. Бұл бәлкім, Тәңірінің Түркілердің көне ордасы, қазақтың ұлы шаһары – Түркістанға деген шарапаты шығар. Жасай бер, Түркістан!
Қазығұрт ауданына алдағы жылдары 55 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады
Қазығұрт ауданында 2024 жылдың 10 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 96,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,2...