Сонымен қатар, тамшылатып суғару әдісі жаңадан 6 223 гектар аумаққа ендіріліп, жалпы көлемі 64,2 мың гектарға жеткен.
«Облыс бойынша дәнді дақылдардың барлық егіс көлемі 280,9 мың гектарды құрап, межеден 35,9 мың гектарға артты. Ал мақтаның егіс көлемі 129,7 мың гектарға жетіп, жоспардан 24,7 мың гектарға өсіп отыр. Бүгінгі таңда облыстағы барлық бау көлемі – 21 600 гектар, оның ішінде интенсивті баулар – 2 800 гектар, жүзім – 10 200 гектар, таңқурай – 208 гектар, жаңғақ шаруашылығы – 350 гектарды құрайды. Ағымдағы жылы қосымша интенсивті баулар – 940 гектар, жүзім – 570 гектар, жаңғақ 207 гектар алқапқа қосымша егілді», – деді Серік Ордабекұлы.
2018 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша өңірдегі ірі қара малдың саны – 6,7 пайызға, қой мен ешкі саны – 5,2 пайызға, жылқы басы – 9,6 пайызға, түйе – 6,7 пайызға, құс саны – 13,8 пайызға артқан. Сондай-ақ, облыста есепті кезеңде 103,4 мың тонна ет, сүт 364,4 мың тонна сүт, жұмыртқа 95,1 млн. дана жұмыртқа өндірілген.
Бұдан өзге, «Сыбаға» бағдарламасымен 7352 бас аналық сатып алынып, жалпы аналық басқа шаққандағы үлесі 13,8 пайызға жетті. «Алтын асық» бағдарламасымен 11 893 бас қой сатып алынып, жалпы аналық басқа шаққандағы үлесі 5,1 пайызды құраған. «Құлан» бағдарламасы аясында 2059 бас жылқы алынып отыр.