Кітаптың басты кейіпкері – филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы, бауыржантанушы ғалым Мекемтас Мырзахметұлы. М.Байғұт бұл шығармасында өз кейіпкерінің ғұмыр жолына үңіледі, дара тұлғаның болмысын, туа бітті табиғатын ашуға ұмтылады. Көркем тілмен жеткізеді. Жинақ соңында жазушы өмір туралы пәлсапалық ой түйіндейді.
Кейін іс-шара Түлкібас ауданы Азаттық ауылындағы Мәдениет үйінде жалғасты. Кездесу кешіне жазушының қалың оқырмандары, кітапсүйер қауым, ғалымды пір тұтар жұртшылық жиналды. Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Асхат Жабағы құттықтауын жеткізіп, бүгінгі қазақ әдебиетінде айрықша қолтаңбасы бар қос бәйтерекке шапан жауып құрмет көрсетті. Сондай-ақ, басқосуда ғалым жайлы арнайы бейнефильм көрсетіліп, тағылымды кеш ұйымдастырылды.