Сонымен қатар, мекеме мамандары тарапынан «Проактивті өмірді таңда!» атты акциясы барысында 400-ден аса нәзік жандыға аталған қызмет түрі бойынша кеңес берілді. Проактивті қызметті тұрғындар арасында насихаттау үшін болашақ аналарға нұсқаулығы бар ақпараттық парақшалар таратылып келеді.
Айта кетерлігі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аналарға бала туу бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен алу жобасын жаңа жыл қарсаңынды іске қосқан болатын. Содан бері баланың туу және басқа да тиісті қызметтерді тіркеу туралы өтініштер ата-аналардың келісімімен SMS-хабарлама арқылы автоматты түрде жүзеге асырылуда. Бұл қызметтер уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері арқылы орындалады.
Проактивті қызметті «Мобильді азаматтар» базасына тіркелген ел тұрғындары ғана қолдана алады. Оны мемлекеттік корпорацияның кез-келген фронт-офисінде немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте ЖСН-ді ұялы телефонға байланыстыру арқылы жүзеге асыруға болады.
Бұдан өзге, қазіргі таңда телефон арқылы шот нөміру арқылы жәрдемақыларды рәсімдеуге және балабақша кезегіне тұруға мүмкіндік бар. Халыққа қызмет көрсету орталығына дайын болған куәлікті алып кету үшін ғана барып не үйге жеткізу қызметін пайдаланған абзал.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі