Бұдан өзге, өңірде 44 тасымалдаушы мекеме 1283 автобуспен жолаушылар тасымалдау қызметін көрсететеді. Түркістан облысы бойынша 2018 жылдың 6 айында 577,6 млн. жолаушы тасымалданған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,6 %-ға жоғары. Қоғамдық көлік бара алатын облыстағы 766 елді мекеннің 93,1%-ы қоғамдық көлікпен қамтамасыз етілген.
«Жалпы өңірде облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 2017 жылдың қорытындысымен 64,4 %-ға қол жеткізілді. Ал 2018 жылдың жоспары ретінде 70,7 % белгіленген. 2018 жылы автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен 26 332,5 млн. теңге қаралып, 437 нысан немесе 1 421,4 шақырым жол мен көшелер, 7 көпір құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылуда», – деді Нұрлан Мархабатұлы.
Облыс аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 410 көпір бар. 2017 жылдың қорытындысымен 410 көпірдің 309-ы немесе 75,4% қанағатты жағдайда болса, ағымдағы жылдың қорытындысымен үлес 77 пайызды құрайтын болады.