Жалпы ағымдағы жылы ауданда 48220 гектарға мақта дәні себілген. Аудан шаруалары өткен жылы орташа есеппен мақтаның әр гектарынан 25 центнерден өнім жинаса, биыл да осы көрсеткіштен төмен болмайды деп болжам жасап отыр. Енді бірер күнде мақта алқаптарына комбайндар жұмысқа кіріспек. Әзірдің өзінде ауданда 70-ке жуық «ДжонДир» мақта теретін комбайндардың техникалық дайындықтары пысықталуда. Оның 65-і 4 жүйекті. Яғни, әрбір комбайн бір мезетте 4 жүйектегі ақ алтынды жинауға қауқарлы.
Айта кетерлігі, шаруаларға мемлекет тарапынан берілетін жанар-жағармай талондары таратылып берілуде. Сондай-ақ, алқаптарда мақтаны химиялық әдіспен қурату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, аудан көлемінде ақ алтын жинауға арналған қабылдау бекеттері іске қосылуда.
АРЫС ЖАҒАСЫНДАҒЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ
Мемлекет басшысының ұлттық құрылтайдағы тұжырымдамасына сәйкес, республикалық деңгейде өтіп жатқан «Таза қазақстан» экологиялық акциясы бір реттік науқан емес. Әрқашан маңызын...