Нәтижесінде салынып жатқан жаңа су құбырлары ағымдағы жылдың соңына дейін 6 мыңнан аса ауыл тұрғынын сапалы сумен қамтамасыз ететін болады. Сондай-ақ, аталған аймақта әрқайсысы 2 данадан сыйымдылығы 300 және 150 текше метрлік су жинағыш-резервуардың құрылысы жүзеге асырылуда.
Тағайна және Зағамбар ауылдарына су елді мекен жанынан анықталған ұңғымалардан беріледі. Екі ауылға тартылатын су өткізгіштердің жалпы ұзындығы – 78,327 шақырымды құрамақ. Су құбыры желілерінің құрылысы республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылуда. Тағайна ауылындағы құрылыстың мердігері “Star-Stroi” ЖШС-і, ал Зағамбар ауылында су құбырын “Монолит-Дизайн-2030” ЖШС-і жүргізуде.