Кәдімгі жайын мен жыланбалықтан будандастырылған бұл тұқым кез-келген нәрсені талғажау ете береді. Ағымдағы жылдың басында Өзбекстан Республикасынан әкелінген 10 мың шабақ тәжірибе ретінде қолға алынып отыр. Нұрболат Серманизов есімді кәсіпкер азамат балықтар өскен соң жеке иелігіндегі жасанды көлге жіберіп, басын көбейтпек.
Сондай-ақ, аталған Ұзын ата ауылында балық өсіруде тың тәсілді алғаш болып бастаған Қайрат Сәмбетов есімді кәсіпкер өткен жылы өзінің иелігіндегі 30 гектарға жасанды көл жасап, Алматыдан 60 мың шабақ әкелсе, биыл қосымша Ташкент қаласынан 60 мың шабақ әкеліп қосқан. Дәл осындай әдіспен Әлібек Күмісов есімді азамат та биылғы жылы 15 гектар жасанды көлге 30 мың шабақ өсіруді қолға алып отыр. Екі кәсіпкердің иелігіндегі іргелес жатқан көлдердің балығына арнайы мамандар қарауда. Қазіргі таңда шабақтардың салмағы 1,5 келіге жуықтап қалған. Ондағы балықтардың салмағы күз айының аяғына дейін 2 келіден асқанда жаппай ауланып, сатылымға шығарылмақ.
Жалпы аудан бойынша өндіріліп отырған 4000 тонна балықтың 3000 тоннасы басқа аймақтардан тасымалданады. Демек, қолдан балық өсіріп отырған азаматтардың өнімдеріне сұраныс жоғары болмақ.
Түркістан: Келестік шаруа 50 мың дана құлпынай көшетін өсіруде
Түркістан облысы Келес ауданында диқаншы Тұрлыбек Жоланов құлпынай өсіруде. Жалпы аумағы 1 гектар жерге егілген 50 мың дана құлпынай көшеті...