Жетісай ауданында спорттың футбол, волейбол және үстел ненисі түрлерінен “Студенттік және мектеп” лигаларының жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы аудандық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін «Нұр Отан» партиясы ғимаратының мәжіліс залында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен жоғары және арнаулы орта оқу орындарының дене шынықтыру саласының мұғалімдері, аудандық білім бөлімінің спорт саласы бойынша әдіскері және спорт бөлімінің маманының қатысуымен спорттың кіші футбол, волейбол, үстел теннисі түрлерінен «Студенттік және мектеп» лигаларына арналған жиын өтті. Жиынға қатысушы мамандармен ақылдаса келе, «Студенттік және мектеп» лигаларының жылдық күнтізбесі бекітілді. Айта кететін жайт бұл лигаларға Жетісай ауданының 3000 жуық студенттер мен мектеп оқушылары қамтылып, ойындар оқу жылының соңына дейін жалғасын таппақ. Аталмыш «Студенттік және мектеп» лигаларының ұйымдастырудағы мақсат – жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...