Жиынды аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ғалымжан Үсенбаев ашып жүргізді. Күн тәртібіне сәйкес, Әмірдин Мұхидденұлы сөз алып, жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп Кодексі талаптарының орындалуы, әдеп жөніндегі уәкіл жүргізген анонимдік сауалнаманың қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жоюдың жолдары, мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша баяндама жасап, бірқатар мәселелерге тоқталды. Мемлекеттік қызметшілердің адалдығы, әділдігі, қарапайымдылығы, сыпайылығы, сапалы қызмет атқаруы, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуі, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желіде әдептілік сақтауы кеңінен талқыланды. Жиыннан соң облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Әлішев азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдап, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Көтерілген мәселелердің заңдылығын қарап, кеңес берді.
Бәйдібек ауданының тұрғыны «Ауыл аманаты» жобасы 50 бас уақ мал сатып алған
Шақпақ ауылының тұрғыны Ержүрек Бәйтенов «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2,5 пайызбен 2,5 млн теңге несие алған. Аталған сомаға Жамбыл облысынан...