Түлкібас жерінде Алаштың айбыны Тұрар Рысқұлов, батыр-қолбасшы Бауыржан Момышұлы, қоғам қайраткері С.Терещенко, белгілі жазушы-журналист Шерхан Мұртаза, филология ғылымының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметов, қарымды қаламгер Мархабат Байғұт тағы басқа да тұлғалар туылған қасиетті мекен.Торқалы 90 жылда аудан айтарлықтай мол жетістікке жетті. Әлеуметтік мәселелер оң шешімін тапқан.
Мерейтойда «Батыс Европа- Батыс Қытай» автодәлізі бойында орын тепкен қоғам қайраткері Т.Рысқұлов ескерткішінің алдында ат басын бұрып келген қонақтарды аудан әкімі Н.Тұрашбеков қарсы алып, ыстық ықыласын білдірді. Жиналған қауым белгілі қоғам қайраткері Т.Рысқұловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Бәйдібек ауданының тұрғыны «Ауыл аманаты» жобасы 50 бас уақ мал сатып алған
Шақпақ ауылының тұрғыны Ержүрек Бәйтенов «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2,5 пайызбен 2,5 млн теңге несие алған. Аталған сомаға Жамбыл облысынан...