Түркістандық театр әртістері әлеуметтік шындықты сахналады. Р.Сейтметов атындағы Түркістан сазды-драма театрында Ж.Жұматтың «Тірі жан» драмасы сахналанды. Оқиға желісінде – отбасылық тұрақсыздық пен өгей әкенің нәрестеге жасаған әділетсіздігі, жауапсыз ата-ана мен шетелге сатылған бала тағдыры сомдалды. Қоюшы-режиссері профессор К.Сейтметов. Қойылым драма-театр ұжымы мен ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында көрермен назарына ұсынылып отыр. «Осылайша қоғамның індеті саналатын өзекті мәселені жеткізгіміз келеді»,- деген театр директоры Е.Исатаев қойылымның әсіресе жастар үшін бері көп екендігін тілге тиек етті. «Баласының келешегі кемел болғаны әрбір ата-ана үшін маңызды. Бала болашағымыз. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2030 жылы дамыған отыз елдің қатарына қосылу туралы айтқан болатын. Сондықтан мұндай мәселелерге бей-жай қарауға болмайды. Жемқорлық фактілерін болдырмау барлығымыздың бірінші кезектегі міндетіміз болуы керек»,-деді департамент басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы. Қойылымнан тағылымды әсер алған көрермендер қоғамда орын алып жатқан селқостық әрекеттердің опық жегізерін тағы да ұғынып, театр әртістерінің өнеріне қошемет көрсетті.
Түркістан: Республикалық байқауда «Рухани жаңғыру» аясында 2 жоба үздік атанды
Республикалық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық руханиятты көтеруге бағытталған жобалар байқауы өтті. Сайысқа 300-ге жуық жоба ұсынылып, 33 жоба үздік...