Сарыағаш ауданы Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының меңгерушісі Марат Тарахтиев «тұрмыстық зорлық-зомбылық» құрбандарына қатысты Орталық аруханамен қол қойылған Меморандумды жүзеге асыру барысында аурухананың ұжымымен және бас дәрігер Бахыт Мирзалиевтің қатысуымен кездесу өткізді.
Жиын барысында сектор меңгерушісі – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың көріністерінен туындайтын қауіп-қатерлердің алдын алу және олардың жолын кесу іс-шараларын айтып, түсіндірді. Жәнеде аурухананың қабылдау бөліміне «тұрмыстық зорлық-зомбылық» құрбаны белгісімен түскен тұлғаларға бірінші көмек ретінде дәрігерлік, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету керек екенін және құрбанға қатысты ақпаратты жасырмай біргелесіп жұмыс жасауды өтініш жасады. М.Тарахтиев осы айдың 12-14 аралығында Румыния мемлекетінде «Гендірлік және Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және назар аудару әлеуетін нығайту, сонымен қатар Г/ТЗЗ-тың көп секторлы топтары жайлы, кешенді тәсіл бойынша тәжірибе алмасу» мақсатында іс сапарға барғанын айтып, сол елде «тұрмыстық зорлық-зомбылық» құрбандарымен қандай дәрігерлік жұмыстар жүргізетін тәжірибесімен алмасты.