Насихаттық топ құрамында: облыс әкімінің орынбасары, топ жетекшісі Сәдібеков Ұласбек Сәдібекұлы, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы, топ жетекшісінің орынбасары Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлы, Түркістан облысы әкімдігінің қоғамдық келісім мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бөлім басшысы, саясаттанушы Жаринов Владимир Викторович, облыстық білім басқармасының басшысы Сағындықов Исатай Өмірзақұлы, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Темірхан Асылхан Темірханұлы, облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Есқараев Бастар Әуелханұлы, облыстық дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жүнісова Раушан Асылханқызы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Айтай Бахадыр Сатыбалдыұлы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының тарих ғылымдарының кандидаты Анарбаев Қайрат Сапарханұлы келді.
Жалпы бір сағатқа созылған жиын басы өмірден озған Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шерхан Мұртаза ағамызды еске алуға арналған минуттік үнсіздікпен бастау алды. Кездесу барысында күн тәртібіндегі мәселе бойынша Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының тарих ғылымдарының кандидаты Анарбаев Қайрат Сапарханұлы жолдаудың басым бағыттарын талдап, жиналған қауымға егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті. Жиын барысында жарыссөзге жазылып, өз пікірін білдірген Түлкібас ауданының құрметті азаматы Кендебай Айтқұлов пен Бреусов атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Қалдыбек Сұлтан жолдаудың халыққа маңыздылығы өте жоғары екенің айтып өтті.