Әнші, композитор, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Марат Омаров төрағалық еткен әділ қазылар алқасының құрамында ҚР халық әртісі, профессор Қажыбек Бекбосынов, С.Бәйтерековтың жұбайы Ләззат Аханова, композитор Бекжігіт Сердәлі, С.Бәйтереков атындағы халықаралық «Әлия» фестивалінің 1999 жылғы гран –при жүлдегері Мақсат Айтжанов Кентау қаласында қонақта болды, деп хабарлайды ALASHAQPARAT.KZ-тің өңірдегі тілшісі.
Өнер майталмандарының басын қосқан басты іс-шара композитор, Қазақстанға Еңбегі сіңген өнер қайраткері С.Бәйтерековтың құрметіне арналған облыстық «Әлия» байқауы.
Жалпы шараға облыс аумағынан 16 жас орындаушы қатысып, композитордың әндерін орындады. Қорытындысында Талғат Сазақбай бас жүлдені, Балымша Сабыр бірінші орынды, Бексұлтан Отарбеков екінші орынды иеленді. Үшінші орынды Сейілхан Ердос пен Жания Төлепберген өзара бөлісті.
Бұдан бөлек қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды. Көптеген жылдардан соң, қайта қолға алынған шара Елбасымыздың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.