Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай ауылындағы «Әуес» сауда орталығында ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымызды бойымызда мәңгі қалдыру, жастар арасында қазақтың төл өнері домбыра аспабын кеңінен насихаттау мақсатында Абай ауылының әкімі Ерғали Тастемірұлының бастамасымен, Келес аудандық «Жастар ресурстық орталығының» қолдауымен, «№2 балалар саз мектебі», «Чунга-чанга» оқу орталығы, аудандық мәдениет үйімен біргелікте «Домбыра Party» іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ALASHAQPARAT.KZ тілшісі.
Іс-шараға №2 Абай ауылы балалар саз мектебі мен «Чунга-чанга» оқу орталығы оқушылары және де ауылдың белсенді жастары қатыстырылды. Іс-шараға қатысып, белсенділік танытқан талантты жастар ауыл әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталып, оқушыларға жетекшілік жасаған ұстаздарға сый- сияпаттар жасалды. «Домбыра Party» ұйымдастыруға ұйытқы болған «№2 балалар саз мектебінің» жетекшісі Жадыра Полатова өз сөзінде: Қазіргі таңда жастардың ұлттық өнерге деген қызығушылығы жоғары, жыл сайын саз мектебіне келіп ұлттық өнерді үйренуші жасөспірімдер қатары артуда.
Оның басты себебі еліміздің ұлттық өнерді қолдап жастар арасында көптеген байқауларды өткізіп жастардың қызығушылығын арттыруда. Бүгін іс-шараға қолдау білдірген Абай ауылы әкімдігіне және жастар орталғына алғысым шексіз. Ұлттық өнер әрдайым елімізде дами берсін.