Түркістан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көпқабатты үш үй салынды, деп хабарлайды ALASHAQPARAT.KZ ақпараттық порталы «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Бұлар – Арыс қаласындағы жаңадан бой көтерген шағын аудандағы алғашқы нысандар. 100-ден астам пәтер әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, көпбалалы аналарға және кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлерге беріледі. Әлеуметтік баспананы салуға мемлекет қазынасынан 800 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген. Тап осы маңда тағы 3 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Олар келесі жылы пайдалануға берілмек. Мұнан кейін жергілікті әкімдік мұғалімдер мен дәрігерлерге арналған бірнеше 5 қабатты үй салуды көздеп отыр. Мақсат – ауылға қажет мамандарды баспанамен қамту.
Мұрат Қадырбек, Арыс ауданы әкімі:
– Тұрғын үй кезегінде тұрған 1388 адам бар. Солардың 106-сы осы үйлерден пәтер алады. Тағы 5 қабатты 5 үй салынады. Сонымен, қалғаны 1-2 жыл ішінде тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Осы категория бойынша: « Таразда қала күнінде 20 нысан ашылды Павлодарда қатерлі ісікті емдеудің озық әдістері қолданылуда».