Түркістан облысының ақ халаттылары 1 айдың ішінде 100%- ға компьютермен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төле би, Арыс аудандары мен Ленгер қаласы және Түркістан қалалық орталық балалар ауруханасы компьютермен толық қамтылды. Олардың әрқайсысына 190 компьютерден таратып берілді. Осылайша, бұл өңірлердегі аурухана, емхананы қоса есептегенде барлық медициналық пункттер мен фельдшерлік – акушерлік пункттер 100%-ға компьютермен жабдықталды.
Алдағы бір айдың ішінде Түркістан облысының аудан және ауылдық жерлерде орналасқан барлық медициналық мекемерлері 100% компьютермен қамтамасыз етіледі.
Кешенді медициналық ақпараттық жүйе дәрігерлердің жұмысын едәуір жеңілдетіп, “бір терезе” принципінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Әрбір азаматтың денсаулық паспорты болады және келер жылдың басынан бастап, дүниеге келген күннен бастап, барлық медициналық мәліметтер осы денсаулық паспортына жазылып, сақталатын болады.
Түркістан облысының денсаулық сақтау саласының сандық жүйеге көшу жұмысы 4 бағытта жүзеге асуда. Олар, емдеу және алдын алу, ауруды ерте анықтау, медициналық көмек көрсету және ауруды басқару әрі оңалту. Бүгінде облыс бойынша компьютермен қамтамасыз ету мәселесі 69% -ды құрайды. Түркістан облысы бойынша аудан орталықтары мен қалалар 100- ға интернет жүйесіне қосылған. Шалғай аумақтарда орналасқан елді- мекендер 2021 жылға дейін интернет жүйесіне қосылады деп жоспарланған. Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты 38 медициналық мекемесі 100%- ға медициналық ақпараттық жүйеге қосылған.
Медициналық құжаттарды қағазсыз жүйеге қосу мәселесі бойынша, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты 38 медициналық мекеменің 38-і, яғни, 100%-ы жартылай қағазсыз құжат толтыруға көшкен. 121 медициналық форманың 74-і (61,1%) электронды жүйеде жүргізіледі. Жыл соңына дейін 100% жетеді деп жоспарланып отыр. Емдеу және профилактика мәселесіне қатысты халық арасында кеңейтілген ақпараттық- түсіндіру, насихат жұмыстары атқарылып келеді. Облыс аумағындағы әр емханада халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған бекеттер ашылған. Олар арқылы 393 мың адам (22,7%) оқытылды және 2020 жылға дейін бұл көрсеткішті екі есе арттыру көзделген. Әлемдік ғаламторды пайдалана алатын азаматтардың саны (20-60 жас) соңғы жарты жылда 0,3%-де 25%- ға артты (жоспар бойынша 25%, адам санымен есептегенде 2871 ден 229 836 адамға артты). Осы уақыт аралығында 5 жасқа дейінгі балалардың ата – аналары арасында 0,56%-дан 48%- ға (жоспар 40%, 898 адамнан 101 170 адамға) көбейген. Жүкті әйелдер арасында 0,56%-дан 71%- ға (жоспар 70%, 245 тен 14 518-ге) жеткен. 11 бағыттағы салалық мамандарға кезекте тұру 4-5 күнге (осыған дейін бұл көрсеткіш бірнеше аптаға созылатын болған) қысқарған. Ауруларды ерте анықтау мәселесі- екінші бағыт, яғни, дәрігерге дейінгі және қабылдау бөлмелері арқылы ауруларды ерте анықтау, сандық байқау және сандық медқондырғылардың көмегімен тексеру.
Осының арқасында флюоронастроздылықты анықтау пайызын 30% – ға дейін арттыруға мүмкіндік бар. Дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу үлесі бүгінгі таңда 58% құрайды. Медициналық көмек көрсету: Түркістан облысында 1 768 871 (98%) электрондық денсаулық паспорты құрылды. 4 525 (100%) дәрігер және 14 695 (100%) орта медицина қызметкері медициналық ақпараттық жүйеге оқытылды. Денсаулық сақтау саласын цифрландыруды іске асыру кезінде, емханаға бару айтарлықтай қысқартылып, зерттеу нәтижелерін алу уақыты мен кезек күтуді қысқарту, сондай-ақ талдау нәтижелерін алуды едәуір қысқартып, кеңес беру және рецептерді үйден шықпай алу мәселесі жүйеге қойылмақ. Әр адам өз денсаулығы туралы толық ақпараттарға онлайн режимінде қол жеткізе алады. Цифрлық денсаулық сақтаудың мақсатты үлгісі науқастар туралы мәліметтер, сырқатнамалар бар бірыңғай ақпараттық кеңістік құруды көздейді. Науқастар электронды денсаулық паспорты, денсаулық сақтаудың электронды қызметтеріне қолжетімділік арқылы жеке басының денсаулығы туралы мәліметке қол жеткізе алады және медициналық қызметтер алу сапасы туралы кері байланысты ұсынады. Дәрігер, өз кезегінде, өз науқастарының денсаулығы туралы шоғырландырылған мәліметке қолжетімділіктің арқасында қашықтықтан кеңес бере алады.
Медициналық ұйымдар өз бұл қызметтерді ұсыну сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының және қоғамдық денсаулық қызметінің жұмысы автоматтандырылады. Қазіргі уақытта өңірлерде денсаулық сақтауды цифрландырудың үш үдерістік индикаторы өлшенеді: медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу, компьютерлік техникамен жабдықтау және денсаулық сақтау ұйымдарының интернет желісіне қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Алдағы желтоқсан айында Түркістан облысы бойынша дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің компьютерлік техникамен жабдықталуы 100% көрсеткішке қол жеткізу жоспарланған.
САЙРАМ: “ЭРУДИТ” ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ
Сайрам аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ ұйымдастыруымен Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына орай, білім мен зияткерлікті дамытуға арналған облыстық “Эрудит” интеллектуалды...