Созақ ауданында 15 қараша – Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы теңгенің 25 жылдығына орай шахматтан және тоғызқұмалақтан мекеме қызметкерлері арасында жарыс өткізілді, деп хабарлайды ALASHAQPARAT.KZ аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарыстың қорытындысына сәйкес ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ спорты бойынша: І орынды – «Шолаққорған» жалпы орта мектебінің мұғалімі Әмір АТАЖАНОВ; ІІ орынды – «Шолаққорған» жалпы орта мектебі директорының орынбасары Ардақ ШАРАПОВ; ІІІ орынды – Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Манас БЕЙСЕМБЕКОВ иеленді.
Ал, ШАХМАТ спорты бойынша: І орынды – Құмкент ауылдық округі әкімінің кеңесшісі-іс басқарушысы Бақдәулет ӘБІШОВ; ІІ орынды – Жас Туристер Орталығының қызметкері Жәнібек СӘРСЕНБИЕВ
ІІІ орынды – «Шолаққорған» жалпы орта мектебі директорының орынбасары Ардақ ШАРАПОВ иеленді.
Жарыс жеңімпаздарын Созақ ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ербол Айдарбеков құттықтап, аудан әкімінің мадақтама қағаздарын табыстады.
Ұлттық валютамызды ұлықтау мақсатындағы спорттық іс-шаралар легі ертең де жалғасын табады: Футбол мектебінде мекемелер арасында кіші футболдан жарыс өтеді.