Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков кезекті рет азаматтарды жеке мәселері бойынша қабылдады, деп хабарлайды ALASHAQPARAT.KZ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеке қабылдау барысында төлебиліктер ауыл шаруашылығына, ауыз суға, жолға, тұрғын үй кезегіне, жер мәселесін реттеуге, білім беру ұйымдарындағы еңбек қатынастарына қатысты өтініштері мен мәселелерін айтып, ауданды дамыту бойынша ұсыныс-тілектерін білдірді.
Аудан әкімі барлық өтініштер мен ұсыныстарды мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында түсінік беріп, тиісті мемлекеттік мекемелерге азаматтардың мәселелерін шешу үшін тапсырмалар берді.
Естеріңізге сала кетейік, жұмыс кестесіне сәйкес, алдын-ала жазылу бойынша, әр аптаның дүйсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдау барысында тұрғындар аудан басшысына өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, олардың шешу жолдарын бірге табуға мүмкіндік ала алады.
Алдын-ала жазылуды Төлеби ауданы әкімі аппаратының әкімшілік және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы Хайтметова Камиля Заманқызы жүргізеді. Қосымша ақпарат алу үшін 8(72547) 6-13-70 нөміріне хабарласуларыңызға болады.