Бүгін Түркістан облысы Жетісай ауданында Шара барысында мәдениет үйінің ішінен әжелер шығармашылық орталығының лентасы қиылды, деп хабарлайды ALASHAQPARAT.KZ Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұнда бұдан былай округтегі әжелер алқасы бас қосып, әлеуметтік, тұрмыстық мәселелердің оң шешілуіне ықпал ететін болады. Сонымен қатар бұл орталық әжелердің түрлі саладағы шығармашылығын шыңдай түсуге ықпал етпек.
Айта кету керек, Жетісай ауданындағы Қазыбек би ауыл округіндегі Қазыбек би ауылдық мәдениет үйінде 1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай мерекелік шара өтті. Шараға Қазыбек би ауылдық округінің әкімі Дәулет Оразов, Қазыбек би ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Маханбетов және ауыл тұрғындары мен Жетіай аудандық әжелер алқасының басшылары қатысты.
Іс-шара барысында ауыл округінің әкімі бір топ мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілеріне, әжелер мен ауыл билеріне және учаскелік иниспекторларға алғыс хат табыстап, сый-сияпат жасады. Сондай-ақ, Қазыбек би ауылдық округіндегі ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Маханбетов жиналған жұртшылықты алда келе жатқан мерекемен құттықтап, Елбасымыздың ел үшін жасап жатқан ерен еңбектерін тілге тиек етті.