Мәселен, Жетісай қаласының тұрғыны Махбуба Сарсенова 127 мың теңгеге тігін машинкасын сатып алып, бір отбасының айлық табысын шығарып отыр екен.
Ал Жаңаауыл ауыл округі Мырзашөл ауылының тұрғыны Батулла Қиықбай болса, 6 ай мерзімге 498528 мың теңге алып, мақсатты жұмсапты. Бүгінде бұл үйдің қорасында сауынды 2 сиыр бар.
Дәл осындай қаражатты Ынтымақ елдімекенінің тұрғындары яғни Дүйсенбековтер әулеті де тиімді пайдалануда. Отбасыдағы 6 адамға шаққанда 6 айға 353 мың теңге алып, игілігі үшін жұмсап отыр.
Ш. Дәлдабеков ауыл округінің тұрғыны Қалқабай Шилмырзаев атаулы әлеуметтік көмектің игілігімен 456990 тенгеге 2 бас сауынды сиыр сатып алыпты.
«Атаулы әлеуметтік көмектің игілігін көріп отырғанымыз рас. Алты айлық алатын соманы бірден алған бізге өте тиімді болды. Екі сауынды сиыр алып, бала-шағамыз ауызы аққа тиді. Алдағы мақсатымыз қорамыздағы мал басын көбейтіп, ел қатарлы өмір сүру. Жалпы қара малдың пайдасы көп», – дейді Қалқабай Шилмырзаев.
Атаулы әлеуметтік көмектің игілігін көргендердің қатарында Қазыбек би ауыл округінің тұрғыны Салтанат Артықбаева да бар. Ол да 6 айлық көмекті бірден алып, 216 мың теңгеге қол жеткізіпті. Ал өзі «Таныр» шаруа қожалығында жұмысшы болып істейді.
Қызылқұмдық Феруза Буриева 6 айға 257 мың, Ынтымақ ауыл округінің тұрғыны Жорабек Ешанқұлов 6 айға 320 мың, Үшкөпір ауылының тұрғыны Жұмахан Жамбаев 180 мың, Жанатбай Худайбергенов 530 мың теңге алып, мақсатты жұмсауда.