Кентау қаласында «Алтын күз-2018» мерекесі мен ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні жоғары деңгейде аталып өтті – деп хабарлайды ALASHAQPARAT.KZ тілшісі.
Қала тұрғындары «Ынтымақ» алаңында «Алтын күз-2018» мерекесіне арналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін және Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының фойесінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін тамашалды.
Іс-шаралар Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында салтанатты жиынмен жалғасты.
Ауыл шаруашылығы және өңдеуші өнеркәсіп еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен және «Алтын күз» күзгі жиын-терім науқанының аяқталуымен құттықтаған қала басшысы Әбдібақыт Мақұлбаев сала мамандарының өз ісіне деген адалдығы ең жоғарғы құрмет пен қошеметке лайық екендігін атап өтті.
Жиын барасында қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев, Қазақстан Фермерлер Одағының Кентау бөлімшесінің төрағасы Әбдімүліп Нарымбетов мерекелік құттықтауларын жеткізді.
Еңбекта табысты болған сала мамандары облыстық мәслихат хатшысының, қала әкімінің, қалалық мәслихат хатшысының алғыс заттарымен марапатталды.
«Озат» ауыл шаруашылығы қызметкерлері де арнайы марапаттарға ие болды.