Түркістанда өткен облыстық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысынан соң, маслихат депутаттары ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқылады.
Мәжілісте фракция жетекшісі М.Төлтебаев пен маслихат депутаты, ОҚМПУ ректоры О.Аяшев кәсіпкерлік саласы мен білім бағытына байланысты баяндама жасады.
Жиын барысында сөз алған «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаев Жолдауды жүзеге асыруда партияның негізгі бағыттары мен жүзеге асатын жобаларына тоқталып өтті.
«Жолдау тек жүзеге асырушы органдарға ғана қатысты не болмаса халыққа насихаттаумен шектелмейді. Ондағы келелі мәселелер мен жүктемелердің жүзеге асырылуы бізге – партияға тікелей байланысты. Қарапайым халық шешімін таппаған әлеуметтік мәселесімен бізге келеді. Депутаттар сол мәселелердің алдын-алу мақсатында атқарушы билікке қолдау көрсетіп, жаңа тетіктерді ұсынып, тиісінше бақылауға алуымыз керек.
Сондай-ақ, келесі апта «Nur Otan» партиясы тұрғындарға ашық, әрі қолжетімді, сапалы қызмет көрсету үшін «Open space» форматында «Азаматтарды қабылдау орталығы» жобасын іске қосады.»-деп, барша депутаттарды азаматтарды арыз-шағымдарымен қабылдауда белсенді болуларын сұрады.
Шара соңында маслихат депутаттары тарапынан түрлі ұсыныстар мен пікірлер айтылып, партияның қоғамдық қабылдау жұмыстарында белсенді болуға бір ауыздан келісті.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...