Бүгін, 1 қыркүйек – Білім күніне орай, Арыс қаласындағы барлық 40 мектепте алғашқы қоңырау соғылып, оқушылар оқу ұяларына кірді. Шаһардағы И.Журба атындағы жалпы орта мектебінде өткен салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы Арман Жетпісбаев қатысты. Бүгін Арыс қаласы бойынша 2500-ге жуық оқушы 1 сынып табалдырығын аттаса, Түркістан облысы көлемінде 1 сыныпқа 56 506 балдырған барды. Облыста жалпы саны 488 520 оқушы мектепте білім алады . Айта кетерлігі, облыста 1 қыркүйекте жаңадан 7 мектеп ашылса, жыл соңына дейін 15 мектеп пайдалануға беріледі.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...