Түркістан қаласының тұрғындары үшін қоғамдық көліктер мәселесі әрдайым жіті назарда. Облыс орталығындағы автобустардың сапасын арттыру жұмыстары жанданып келеді. Жыл басында қаладағы қоғамдық көліктердің қатары 16 автобуспен толыққан болатын, енді олардың қатарына жуырда «Yutong» маркалы 5 автобус қосылды.Автобустардың барлығы бірыңғай жасыл түспен боялған. Онда Түркістан қаласының логотипі белгіленген. Ұзындығы 8,5 метр. Сыйымдылығы 28 орындық, қосымша 30 адамды мінгізуге қауқарлы. Автобус ішінде жарнамалық экран мен желдеткіш қойылған. Қоғамдық көлікте пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін әрбір аялдама арнайы жүйе арқылы хабарланып отыратын болады. Тіпті, алдағы жылдарда жол ақысын төлеуді цифрландыру ісі жүзеге аспақ. Ал, мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау үшін артқы есігіне пандус қоюды да қарастыруда. Жаңа автобустар жуырда қала ішіндегі №5, №7, №30, №31 бағыттарында жолаушыларды тасымалдайтын болады.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...