10 – қыркүйек күні, Түркістан қаласында орналасқан “Royal Grand” қонақүйінде орын алған өрт салдарынан барлығы 11 адам зардап шеккен. 6 өрт сөндіру қызметкері медициналық көмекке жүгінген. 3 полиция қызметкері және 2 қала тұрғынына медициналық жәрдем көрсетілген. Орталық қалалық ауруханаға 5 зардап шегуші жеткізілді. Олардың төртеуі жатқызылып, бір азамат қайтарылды. Жарақат бекетіне 3 адам тасымалданды. Оқиға орнында полицейлер мен ТЖҚ қызметкерлері жұмыс жасауда. Қазіргі таңда Түркістан облысының полицейлері болған оқиғаның толық мән-жайын анықтауда. Сараптамалар тағайындалды. «Ең бастысы, адам шығыны жоқ. Тілсіз жаудың орын алуына газ цистернасының жарылуы себеп болған», дейді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысы Нұрғали Жүнісов. Алдын ала берілген мәліметтерге сүйенсек, өрт 3 тонналық газ цистернасын толтыру кезінде шыққан. Өрттің көлемі 1400 шаршы метр. Өрт туралы мәлімет 18:05- да түскен. Қонақүй ішінде мейманхана, асхана орналасқан.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...