Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев аудандық және қалалық ауруханалар мен емханаларға 32 медициналық жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады. Жаңа автокөліктер науқасқа алғашқы көмек көрсетуге арналған қажетті құралмен толық қамтамасыз етілген. Салтанатты шарада облыс басшысы елімізде денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.
Сонымен қатар, алдағы жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен қосымша 60 санитарлық автокөлікпен жабдықтау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда, Кентау, Жетісай, Мақтаарал, Сайрам ауданы мен Түркістан қаласында жалпы 8 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде. Одан бөлек, шалғай елді мекендерде 19 модульдік медициналық бекеті ашылмақ.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...