Түркістан қаласын желден қорғау, көгалдандыру мақсатында Түркістан қаласының айналасында «Жасыл белдеу» қалыптасуда.
Жоспар бойынша «Жасыл белдеу» аймағында 2019-2021 жылдар аралығында көшеттер отырғызылып, орман алқабын көбейту арқылы жасыл аймақ қалыптастыру жоспарланған. Осы орайда, 2019 жылдың көктемінде 160 мың көшет отырғызылса, күзгі мезгілде 2000 га жерге 478 мың көшет және 300 га тәлімбақта 400 мыңға жуық сеппе көшет отырғызу жоспарланып отыр.
Жасыл белдеудің жалпы аумағы 7700 га жерді құрайды. Соның ішінде 7500 га жерге 3,5 млн. екпе ағаш пен 500 мыңға жуық бұталар егілмек.
Атап айтқанда, ұсақжапырақты шегіршін, үлкенжапырақты шегіршін, қарағай, жіңішкежапырақты жиде, терек, үйеңкі, қытай шағаны, сүйелді қайың, емен, сарғылт қарақат және т.б егіледі.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...