Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облысы филиалының «Open Space» форматындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облысының прокуроры Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы бір топ азаматты қабылдады. Облыстың бірнеше аймақтарынан келген 11 тұрғын партия ұсынған мүмкіндікті пайдалана отырып өздерін мазалаған мәселелер бойынша талап-тілектері мен арыз-шағымдарын айтты.
Мысалы, түркістандық тұрғындар Камшат Абсаттарова мен Мырзахан Байдаулетов, түлкібастық Азімбек Молдашов, кентаулық Эркин Паттулаев заң қызметкерлерінің іс-әрекетіне наразы болып келген екен. Байдаулетов Мырзахан жеке айыптау мәселесі бойынша қозғалған қылмыстық істің созбалаңға салынып отырғандығы туралы, Азімбек Молдашұлы қылмыстық іс бойынша куәгерлердің берген жауаптарымен келіспейтіндігі жайлы шағымданды. Сот шешімімен келіспейтіні жөніндегі шағымды Эркин Паттулаев айтты. Әділдік іздеп жүрген тұрғындардың жанайқайын тыңдаған облыс прокуроры шағымданған азаматтардың мәселелерін назарда ұстайтынын жеткізді.
Қоғамдық қабылдауға жер мәселесімен келген шағымданушылар да болды. Түркістандық Айменова Айгүл бетон заводының жеті жылдан бері үйіне зақым келтіріп жатқандығы жөнінде, Бейсенбаева Ажар жеке меншік дүкенінің заңсыз бұзылуы (снос) жөнінде, ал Абдуллаева Аяжан Сайтханққызы Түркістан қаласының Отырар мөлтекауданынан берілген үйінің құжатын ала алмауы жайлы шағымданса, тағы бір түркістандық Мамбетов Махсат анасының атына берілген 10 соттық жер телімін қаланың құрлысына байланысты мемлекет қайтып сатып алғанын, бірақ қаржыны 8 айдан бері қала әкімшілігі бермей отырғаны жайлы арызданды.
Қабылдауға келген азаматтарды мұқият тыңдаған Нұрғалым Мәжитұлы арызданушылардың арызына қарай кеңес беріп, өз бақылауына алатынын, оң шешімін табуды қадағалайтындығын айтты.
Балаларына алған жерлерін әкімшілік алып қойғаны мен тұрғын үйге кезекке тұрған ұлдарының кезегінің бұзылғандығы жөнінде мәселе қозған Қарашық елді мекенінің тұрғыны Налибаева Оралай мен мүгедек ұлының ісі бойынша Кентау қаласынан келген Байымбетова Сауленің арыздары да тыңдалып, қанағаттандырылды.
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ орнатқан тарифына қарсы арызы бойынша Сайрамнан келген Жанібеков Ергалиға да көмек көрсетілетін болды.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б. Тәжібаев: «Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың тілектерінің орындалуы партия бақылауында болады. Алдағы уақытта да мұнда түрлі саладағы басшылар келіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап береді. Өйткені, бүгінгі таңда «Open Space» форматындағы қоғамдық қабылдау бөлмесі облысымыздағы билік пен бұқараны тоғыстыратын алаңға айналып отыр», – деді.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...