Түркістан облыстық еңбек инспекциясы басқарма басшысы Алмасбек Мамытбеков аудан, қалаларда тұрғындар мен жұмысшылардың еңбек заңдылығының сақталуы бойынша 2019 жылға арналған көшпелі жеке қабылдауы және 2019 жылы арыз-шағым түскен мекеме мен кәсіпорындарының кездесу кестесіне орай, көшпелі жеке қабылдауын #Отырар ауданынан бастады. Оған басқарманың ауданға жауапты өкілі, мемлекеттік еңбек инспекторы Ж.Бабашовта қатысты. Қабылдаудан соң А.Мамытбеков басқармаға Отырар ауданынан жиі арыз – шағым түсіретін мекеме «Отырар – Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ұжымымен кездесу өткізіп, кәсіпорын басшысы мен жұмысшыларына еңбек заңнамаларын түсіндірді.
Мұнан соң, басқарма басшысы #Арыс қаласына бет бұрып, азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдады. Ақдала ауылының тұрғыны Г.Жүнтаева бұған дейін Ордабасы ауданында мектепте жұмыс атқарған. Мектеп директоры өзін мәжбүрлеп жұмыстан шығарғаны жөнінде шағымданып келгенін жеткізді. Г.Жүнтаеваға заң талаптарына сәйкес жауап берілді. Сонымен қатар, қала тұрғындары П.Қыстаубаева мен Ә.Усмановтың бюджеттік мекемелердегі техникалық қызметкерлердің жалақысын көтеру және зейнеткерлік жасты төмендету туралы ұсыныстары жоғары органдарға жіберілетіндігі түсіндірілді.
Ал, #Жетісай ауданындағы қабылдауына 6 тұрғынның талап-тілектері тыңдалды.А.Мамытбеков азаматтарға заң аясында жауап берілетіндігін айтты. Сондай-ақ, #Мақтаарал ауданындағы қабылдауында да тұрғындар мардымды жауап алып қайтты.
Облыстық еңбек инспекциясы басқарма басшысы Алмасбек Мамытбековтың көшпелі жеке қабылдауы жалғасын табады.