Арыс қаласында қайырымдылық қордың есебінен бой көтерген «Баламекен» шағын ауданынан 100 отбасы жаңа баспанаға ие болды.
Екі отбасыға лайықталған «дуплекс» типті 50 үй толық аяқталып, әрі ас үй жиһазы мен тұрмыстық техникамен жабдықталған. Әр үйдің ауласында 10 соттық жер телімі бар. Қалалық инфрақұрылымға қосылған жаңа шағын ауданда тас жол төселіп, аяқ жолдар салынған. Балалардың ойын алаңы орнатылып, ағаштар отырғызылған.
Дендробақ жанында орналасқан жаңа шағын ауданның құрылысына қайырымдылық қоры 850 млн. теңге бөлген. Жаңа баспаналар Арыстағы әскери қоймада жарылған оқ-дәрілердің дүмпуінен бұзылған үй иелеріне, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, тұрғын үйге мұқтаж мүгедек жандар мен жалғыз басты аналарға берілді.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...