Бүгін Түркістан қаласында облыс прокуратурасының «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында Бірінші ашық форумы өтті.
Шараға аймақ әкімі Өмірзақ Шөкеев, Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің президенті Болат Әбдірәсілов және профессор-оқытушылар құрамы, облыстық жергілікті атқарушы органдарының басшылары, қала және аудан әкімдері, құқық қорғау және бақылау органдарының басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ еріктілер қатысты.
Форумды аша отырып, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров кәмелетке толмағандардың проблемалық мәселелерін барлық мүдделі органдар және қоғам өкілдерімен ашық диалог форматында талқылаудың өзектілігі мен қажеттігін атап өтті. Балалардың өмірі, денсаулығы және әл–ауқаты мемлекетіміздің басым бағыты болып табылады.
Дегенмен, бүгінгі таңда назар аударатын, уәкілетті органдардың жұмысына түзетулер енгізуді талап ететін бірқатар проблемалар бар.
Бұл жасөспірімдер қылмысының алдын алу, өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасылармен және балалармен жұмыс жасаудағы кемшіліктер.
Балаларды зорлық-зомбылықтан, оның ішінде жыныстық қол сұғушылықтан қорғауды қамтамасыз ету мәселесі.
Балалар суицидін алдын алу тетіктерінің тиімді жұмыс істемеуі.
Тек соңғы жылда прокурорлар кәмелетке толмағандар туралы заңнаманы бұзудың 120 астам фактісін анықтап, бұл бұзушылықтарды жоюға бағытталған 67 ықпал ету шараларын қабылдады.
Сонымен қатар, облыс прокуратурасы бұл бағытта оңды нәтижелерге барлық мүдделі органдар мен ұйымдардың күш-жігерін біріктіре отырып қана қол жеткізуге болатынын түсініп отыр.
Прокуратура органының спикері өткен жылы қолданылған қадағалау және үйлестіру жұмыстарының нәтижесінде соңғы бірнеше жылда бірінші рет кәмелетке толмағандармен (4,4% – ға) және оларға қатысты (7,7% – ға) жасалған қылмыстардың, балалардың суицидінің (9,5% – ға) төмендегенін атап өтті.
Қазіргі таңда құқық бұзушылықтың профилактикасы алдыңғы қатардағы мәселелерге енді. Құқық бұзушылық ерте алдын алу балалар мен отбасылардың әл-ауқатының артуына септігін тигізіп, олардың қауіпсіздігін, жан-жақты білім алуын және мәдени дамуын қамтамасыз етуі тиіс.
Жергілікті жерлерде балалар проблемасымен айналысатын ведомствоаралық жұмыс топтарының жұмыстары оң бағаланады.
Осы топтардың жұмысын жаңғыртып, үйлестіру облыстық штабқа ұсынылды.
Мемлекет басшысының 2020 жылды еріктілердің жылы деп жариялауын ескере отырып, топтың құрамына осы жұмысқа қатысуға ниет білдірген қоғам өкілдері мен еріктілерді қосу ұсынылады.
Сондай-ақ, облыс прокуратурасының және Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің бірлескен ғылыми жұмыстарының нәтижелері Форум қатысушылардың назарына жеткізілді.
Оқу орнының Вице-президенті К.Беркімбаев педагогтар мен ата-аналар үшін отбасы мен қоғамда баланың дамуына, сондай-ақ оларды теріс факторлардан қорғауға бағытталған әдістемелік ұсынымдардың әзірленгенін атап өтті.
Бұдан басқа, ашық форум алаңында балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін, оның ішінде балаларды өзіне – өзі қол жұмсауға итермелейтін және басқа да теріс әрекеттер жасау ниет туғызатын ақпаратты таратуға қатысты мәселелер де қозғалды.
Прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде жалпы 6 интернет-ресурстарға қол жетімділік шектелді.
Форумның күн тәртібіндегі мәселелер оның қатысушылары арасында қызығушылық пен пікірталас тудырып, оларды шешу бойынша нақты ұсыныстар енгізілді.
Облыс прокуроры өзекті мәселелерді талқылау қорытындысымен қадағалау органының, билік құрылымдарының жұмыс тиімділігі артып, қоғаммен, сарапшылар қоғамдастығы өкілдерімен одан әрі ынтымақтастықта жұмыс жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...