Қордайдағы оқиға тағы да қабырғамызды қайыстырып отыр. Мемлекет басшысы жауаптыларды жедел жинап, тиісті тапсырмалар беріп, істі одан әрі ушықтырмау үшін шаралар қарастыруда. Еліміздегі әрбір адамның өмірінің маңыздылығын ескерген билік басының бұл әрекеті азда болса көңілге медет болды. Осындай келеңсіз жағдайлар орын алған уақытта елдің берекесін одан әрі қашырудың қажеті жоқ. Жеке бастың кикілжіңінен туындаған дауды ұлтаралық мәселеге ұластырғысы келетін арандатушыларлың әрекетіне жол бермеуіміз қажет. Тәуелсіздігіміз бен тыныштығымыздың тұрақтылығын сақтаймыз десек, жұрт болып жұмылып сол мақсатқа әрекет етейік.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...