Түркістанда «Мен – донормын, өзгеге үміт сыйлаймын!» атты акция өтті. Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық оратлығы» МКК мен «Jas Otan» жастар қанатының бірлесе ұйымдастыруымен өткен шараға жүзге жуық адам қатысып, қан тапсырды.
Акцияға «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері, Кентау қаласы мен Ордабасы, Отырар аудандық жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері және қала тұрғындары мен ерікті жастар қатысты. Сондай-ақ, «Ақпарат талдау орталығы» КММ, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ және «Өңірлік рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің қызметкерлері де атсалысты.
Алдымен жастардың денсаулықтары толық тексеруден өткізген дәрігерлер қант мөлшері, гемоглабин көрсеткіші мен түрлі ауру белгілерінің бар-жоғын зертханалық жолмен анықтады. Содан кейін ғана донор болуға мүмкіндік берді.
Жастарға қан мен оның компоненттерін қайта құю арқылы адам өмірін құтқарып, денсаулығына қауіп қатер төнген жандардың өмірін ұзартуға мүмкіндік бар екендігін ұғындыру, донор болу арқылы өзгеге үміт сыйлау мақсатында ұйымдастырылған акцияда жастар қан орталығын безендіріп, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.
Қанға зәру науқастарға қолдау көрсетуді қолға алған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық оратлығы» МКК алдағы уақытта да іс-шараны жалғастыруды жоспарлап отыр.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...