Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен қалалық орталық кітапханада “Оңтүстіктің өр оғланы” атты еске алу кеші болып өтті.
А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап – ғылыми кітапханасының бастамасымен “Оңтүстіктің дара тұлғалары” жобасы аясында өткен шара Орта Азия көлемінде тұңғыш тәуелсіз журнал ашқан азамат, баспагер, журналист Төрекелді Байтасовтың туғанына 65 жыл толу құрметіне арналды. Бұл биыл бастау алатын “Төрекелді оқулары” байқауының тұсаукесер шарасы болатын.
Жиында қаламгердің курстас досы, ф.ғ.д Сейдулла Садықов, әдебиет сыншысы Құлбек Ергөбек, әнші -сазгер Сауран Елеуов,ақын Зейнулла Еркебалаевтар естеліктерімен бөлісіп, өмір жолын баспа саласына арнаған азамат тұлғасына тоқталды. Сондай -ақ баспагердің ұлы, жолын қуған журналист Төребек Байтасов әке келбетін тілге тиек етті.
Кешке студенттер, кітапханашылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Өр оғланын ұлықтаған кештің сахнасында әндер мен ойлы толғамдар салтанат құрды.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...