«Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығын іске асыру нұсқаулығын орындау мақсатында, Түркістан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу бойынша арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген.
Қазіргі уақытта, ұдайы облыстағы теміржол және автобекеттердің ғимараттарын, пойыз вагондарының ішін, қоғамдық көліктердің ішкі салондарын залалсыздандыру бойынша дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде облыста тұрақты бағыттарға қызмет көрсететін 44 тасымалдаушы мекеме 1300 дана қоғамдық көлікпен жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетеді. Жалпы облыста 6 үлкен автовокзал, 26 кіші автобекет, 4 жолаушыларға қызмет көрсету пункті жұмыс істейді. Сонымен қатар, «Түркістан-Бадам» және «Түркістан-Сарыағаш» әлеуметтік маңызы бар облысішілік теміржол бағыттарына «Қаламаңы тасымалы» АҚ қызмет көрсетуде.
Айта кетерлігі, рейс алдындағы медициналық және техникалық тексерулерсіз кез-келген орындардан жолаушыларды жинап заңсыз аттанатын қоғамдық көлік жүргізушілері адам өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіруде, оған қоса мұндай қоғамдық көліктерде дезинфекциялау жұмыстары жүргізілмеуі мүмкін. Сондықтан, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тек қана өңірдегі автовокзалдар мен автобекеттердің қызметін пайдаланып, заңсыз жолаушылар тасымалынан аулақ болуға шақырады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...