“Қапланбек ” кеден бекетінде биологиялық белсенді қоспаларды жасырын түрде өткізбек болған Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Түркістан облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.
Түркістан облысы бойынша МКД-нің “Қапланбек” кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК шекара қызметкерлерімен бірлесе ИДК техникалық құралымен ұстаған.
“Mersedes E-200” маркалы автокөлік кеденшілер мен шекарашылардың назарын аудартып, Өзбекстан азаматы-Н. Ж. жүксалғыштағы заттарын заңсыз өткізбек болғаны белгілі болған.
Тексеру кезінде салмағы 85 кг биоактивті қоспалар табылды.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...