Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен басқармаға қарасты барлық облыстық спорт мекемелерінің қызметкерлері елдегі жағдайға байланысты бір күндік еңбекақыларын арнайы қорға аударады.
Басқарма басшысы Полат Қырықбаевтың бастамасымен жүзеге асырылған бұл іс-шара елімізде орын алып жатқан жағдайдың алдын-алу шараларына өз септігін тигізетіні белгілі. Спорт саласының барлық қызметкерлері мен бапкерлері қаржылай қолдау арқылы індетті болдырмау жұмыстарына осылайша өз үлестерін қосуды азаматтық парызы деп санайды. Елдегі бірлігіміз бен татулығымыздың арқасында орын алған төтенше жағдайды еңсереміз деген ойдамыз.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі