Қазіргі таңда елімізде енгізілген төтенше жағдай кезінде ауыр індетпен күресіп жүрген мамандардың бірі- медицина қызметкерлері. Олар аты жаман індет таралаған сәттен бастап жан аямай күресіп келеді. Осындай сәтте дәрігерлерге айтар алғысымыз мол. Себебі, қара бастарының қамы үшін емес, елге тигізер пайдасы мен халықтың жан амандығы үшін күн-түн демей қызмет етіп келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша медицина қызметкерлеріне үстемақы тағайындалатын болады. Қыры мен сыры көп маман иелеріне мемлекет тарапынан мұндай жәрдемнің көрсетілгені – олардың еңбегінің еленгені деп білемін. Өзгенің қуанышына ортақтасып, қосылып қуана білейік. Өйткені ақ халатты абзал жандардың арқасында елімізде дерттен айыққан жандардың саны 22-ге жетті. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта артып, еліміз толықтай ауыр дерттен арылатынына сенемін.
Медицина қызметкерлеріне үстемақы тағайындау отандық медицинаға деген сенімнің артқаны деп білемін. Сенім ақталып, ел ішінде тұрақтылық орнайтын күнге бірге жетейік!