Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан аумағында төтенше жағдайдың орын алуы кезеңінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды анықтау туралы хабарламаларды (Хабарлама) қалыптастыру бойынша шектеу енгізілгенін хабарлайды. Дегенмен, кейбір жағдайларда Хабарламаларды жолдауға тура келеді.
Төтенше жағдай кезінде қалыптастырылатын хабарламалар ағымдағы жылы талап қою мерзімі аяқталатын бұзушылықтарға қатысты болады.
Мысалы, ағымдағы жылдың 20 наурызында 2017 жылдың есепті кезеңдерінде, яғни ағымдағы жылы талап қою мерзімі аяқталатын кезеңдерге, ҚҚС бұзушылықтары бойынша (бұзушылықтар контрагенттердің деректеріне сәйкес ҚҚС салыстыру жолымен анықталған) 9G4 іске қосуы жүзеге асырылды. Атап айтқанда, 2017 жылдың 1-тоқсанына талап қою мерзімі ағымдағы жылдың 31 наурызында аяқталады. Бұл ретте хабарламаларды орындау мерзімі төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін, мамыр айына сәйкес келеді.
Салық кодексінің 46-бабына сәйкес талап қою мерзімі анықталған бұзушылықтар бөлігінде талап қою мерзімі өткенге дейін жіберілген және табыс етілген Хабарлама орындалғанға дейін ұзартылады.
Жоғарыда аталған іске қосу кезекті камералдық бақылауды жүзеге асырғаннан кейін, ҚҚС бойынша декларацияға немесе электрондық шот-фактураларға өзгерістер немесе толықтырулар енгізген салық төлеушілерге қатысты жасалғанын айта кету керек.
Іс жүзінде жеке салық төлеушілер талап қою мерзімі барысында салық міндеттемелеріне бірнеше рет өзгеріс енгізетіндіктен, постбақылау жүргізілуі қажет. Бұл қажеттілік талап қою мерзімінің өтуі жақындаған кезеңдегі салық есептілігі бойынша туындайды.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша келесі сілтемелерді пайдалануға кеңес береміз:
https://www.kgd.gov.kz
https://www.facebook.com/kgd.gov.kz
https://www.instagram.com/press_kyzmet_kgd
https://twitter.com/KGD_MF_RK
https://t.me/kgdmfrk
https://dialog.egov.kz/blogs/32783/welcome
Сонымен қатар, ҚР ҚМ МКК байланыс орталығына хабарласа аласыз:
+7 775 848 67 97
+7 776 136 41 32
+7 705 559 12 33
+7 705 559 12 39
e-mail: Contact-center-kgd@mail.ru
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...