Еліміздегі төтенше жағдайдың орыналуына байланысты кірісін жоғалтқан азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жаңа әлеуметтік төлем тағайындалған.
Бұл әлеуметтік төлемдер салықтандырылады ма? ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті осы тақырыпта түсіндірме берді.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 (2020 жылғы 29 наурыздағы № 114 бұйрығынескереотырып) бұйрығымен бекітілген, Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және жеке тұлғаларға, алатын кірістері жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) бойынша азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар болып табылатын, олар үшін салық агенттері төтенше жағдай кезеңінде міндетті зейнетақы жарналарын төленген, әлеуметтік төлемді төлеу жүзеге асыру туралы Ережесіне сәйкес аталған тұлғаларға әлеуметтік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңының 33-бабында баяндалған редакциясында қолданылатын Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 26) тармақшасына сәйкес, жеке тұлғаның салық салынуға жататын табыстарынан Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының әлеуметтік төлемдері алынып тасталады.
Демек, осы әлеуметтік төлемдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асырылатындықтан, жеке тұлғаның кiрiсiнен алынып тасталады.
Сәйкесінше, аталмыш әлеуметтік төлемдерге жеке табыс салығы салынбайды.
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі