Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына байланысты Елімізде төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдаған болатын. Осыған орай, барлық аймақта блок-посттар құрылды. Бүгінде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ және Түркістан қаласы полиция басқармасының ұйымдастыруымен қауіпсіздік жұмыстары күшейтілген түрде жұмыс жасауда. Тәулік бойы демалыссыз бекеттерде тұрған полиция және медицина қызметкерлерінің жұмысы жүйелі түрде жүргізілуде.
Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының «Талантты жастарды қолдау» бөлімінің қызметкерлері, кәмелет жасқа толған еріктілер мен Түркістан қаласы полиция басқармасы бірлесе отырып, еліміздегі сын сағаттарда бір-бірімізге қолдау көрсетіп, ынтымақтасқан түрде әрекет етіп, қиын сәтті бірге жеңіп шығу мақсатында, Түркістан қаласындағы блок-посттардағы жауапты мамандарға қолдау көрсетті.
Блок-посттарды аралау барысында, тәулік бойы індеттің алдын алып, таралуын болдырмау үшін қызмет жасап жүрген жауапты мамандарға 100 дана медициналық бетперде, 200 дана медициналық қолғап, 50 дана антисептикалық сұйықтық үлестіріліп және халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жалпы, COVID-19 вирусынан алдын алу мақсатында 5000-ға жуық еріктілер көмек көрсетуде. Сондай-ақ, 65 655 арнайы медициналық бетперделер мен жағдайы төмен және көп балалы 3453 отбасыға және 5 балалар үйіне 3782 азық-түлік себеті таратылды.
Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі