Заң жобасының ерекшелігі бейбіт шеруді ұйымдастырушылар мен қатысушыларының жауапкершілігі тұстарына мән берілуінде. Ең алғаш адам санының демократиялық ұстанымы, дамыған мемлекеттердігідей халық тіршілігін тұтынатын орындардан оқшау арнайы жайларға жергілікті мәслихаттардың ұсынымен атқару органдарының тағайындауында және адам санының белгілі бір шектен аспауы (250 деген санға тоқталды, митинг өткізуге тыйым салынған жерлерден қашықтық 100 метрге дейін ұзаруы, митинг кезінде кез-келген заң бұзушылықтары үшін жауапкершіліктің (қылмыстық, әкімшілік), бірыңғай киіммен келуге тыйым салыну) делінген нормалар енгізілді.
Жаңа заң жобасына ұлттық сенімді халықтың ұстанымына орнықтыратын нормалардың көрініс табуы бүгінгі уақыттың талабы, мәселен қаншама қиын қыстауды мойынсынбай өмір сүріп келе жатқан халқымызды алдағы жарқын болашаққа жетуі үшін, бір-біріне адамзат баласының достық көңілмен жамандықтан, жат әдеттен сақтанып, игі істері мен тыныштықты сақтауға шақыруы.