Ардагерлердің мәртебесі, әлеуметтік деңгей нақтыланған заң айбынды әскер жасақтауға негіз болатыны анық.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін де Қазақстан армиясын тиімді және бәсекеге қабілетті қару-жарақпен қамтамасыз ету, әскери білім беру сапасын арттыру жөнінде бірнеше рет айтқаны елдің жадында. Енді міне, Ардагерлер туралы заң сол іске негіз қалайтын заң болып отыр. Ардагерлердің мәртебесі, әлеуметтік деңгей нақтыланған заң айбынды әскер жасақтауға негіз болатыны анық. Халықаралық әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ оқ-дәрілерді сақтау инфрақұрылымын жетілдіруге назар аударуды тиісті сала мамандарына жіті тапсырған Мемлекет басшысының бұл ісі құптарлық.
Әскерді қайта жарақтандыру – күрделі іс. Бұл әскердің қажетіне және елдің экономикалық әлеуетіне қарай іске асады. Соңғы жылдары Қарулы Күштерге заманауи көпфункционалды жойғыштар, тікұшақтар, ұшқышсыз ұшу аппараттары, жауынгерлік кемелер әкелінгенін жаңалықтардан естіп біліп жатырмыз. Әуе көліктерін топтастыру айтарлықтай күшейтілген. Бұл ел аумағының ауданын ескере отырып, әскерлерді батыстан шығысқа және тағы басқа бағытта жедел көшіру қажет болған кезде маңызды рөл атқарады. Өмірі мен денсаулығына қауіпті міндеттерді орындайтын әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септесетін робототехникалық кешендер дамуда.
Ардагерлердің әлеуметтік статусы айқындалған заң ең алдымен тәуелсіз елдің әскерін нығайтуға септігін тигізеді.
Серікбай ИБАДУЛЛАЕВ,
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты.